Астанада дәстүрлі Махамбет оқулары өтеді - Білім & ғылым|14 Қазан 2016, 13:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада дәстүрлі Махамбет оқулары өтеді

17 қазанда М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Махамбет - тарихи тұлға» атты Махамбет оқуларының қалалық байқауы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Конкурс XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көшбасшысы, қазақтың ұлы ақыны Махамбет Өтемісовке арналған.

Махамбет оқуларының қалалық байқауына 8-17 жастағы 100 бала қатысады. Басты кезеңге 60 мектептің ішінен 24 мектептің оқушылары өтті.

Биыл «Махамбет - тарихи тұлға» қалалық байқауы «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын», «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациялары бойынша өтеді.

2003 жылы астаналық оқушылар сарайына батыр бабамыз Махамбеттің есімі берілді. Оқушылар сарайы 13 жылдан бері Махамбет оқуларын ұйымдастырып келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер