Астанада балабақшадағы тәрбиешілердің 70%-дан астамы жоғары білімді - Білім & ғылым|10 Ақпан 2017, 18:24
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада балабақшадағы тәрбиешілердің 70%-дан астамы жоғары білімді

Астанадағы балабақшаларда 3313 педагог жұмыс істейді. Оның 2 347-сі, яғни 70%-дан астамы жоғары білімді. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне қалалық Білім басқармасы хабарлады.

«Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда 3313 тәрбиеші жұмыс істейді. Оның 2 347-сі, яғни 70,8% -ы жоғары білімді», - делінген ресми хатта.

Айта кетейік, елордада 48 154 бала балабақшаға барады. Бүгінде бас қалада әртүрлі типтегі 261 балабақша ресми түрде тіркелген. Оның 95-і мемлекеттік (27 193 бала), 2-і ведомстволық (3832 бала), 116-сі жекеменшік (14 854 бала), 48-і шағын орталық (5717 бала). Бір ескеретін жайт, жоғарыда аталған жекеменшік балабақшалардың 96-сына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 8849 бала қабылданған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер