Астана мешіттері 800-ге жуық оқушыны мектепке дайындайды - Білім & ғылым|24 Тамыз 2018, 19:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана мешіттері 800-ге жуық оқушыны мектепке дайындайды

Фото: ашық дереккөзден

Жыл сайын Астана мешіттері жанашыр азаматтардың қолдауымен 800-ге жуық оқушыны мектепке дайындайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қала мешіттеріндегі «Мектепке жол» акциясы биыл «Нұр Астана» орталық мешітінен бастау алды. Дәстүрлі шара аясында былтыр орталық мешітте 200 оқушыға мектеп сөмкесі мен қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

Басты мақсат әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету жаңа оқу жылына дайындықтарын бір пысықтап беру.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында биыл да 200 балаға сөмке, оқу құралдары мен мектеп формасына ақшалай көмек беріледі деп күтілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер