Астана мектептерінде биыл қандай пилоттық жобалар жүзеге аспақ - Білім & ғылым|01 Қыркүйек 2018, 15:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана мектептерінде биыл қандай пилоттық жобалар жүзеге аспақ Эксклюзив

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін - Білім күні. Жаңа оқу жылының басталуына орай Білім және ғылым министрлігі Астананың білім беру саласындағы жаңалықтарымен бөліскен еді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Жаңа оқу жылына бекітілген жоспардың бірінші қадамы - білім беру нысандарының дайындығын тексеру. Екінші кезекте - тамақтану сапасын қадағалау, әлеуметтік жобаларға қатысу. Сонымен қатар, биыл ата-аналармен бірлесе отырып, оқушы және ата-аналар үшін арнайы кодекстер әзірленді. Бұл құжат оқыту үдерісінің қатысушыларына арналған құқықтар мен ережелер тізімін айқындайды", - деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Ведомство мəліметінше, жаңа оқу жылында ата-аналар тарапынан түскен идеяны қолдап, Астана қаласында жаңашыл сыныптарды ашу көзделген. Жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Негізгі идеясы - орыс тілінде білім алатын сыныптарды кезең-кезеңмен мемлекеттік тілдегі сыныптарға айналдыру. Іс-жүзінде, 1-сыныпқа келген балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайыз орыс тілінде және 30 пайыз қазақ тілінде оқитын болса, 5 сыныпқа барғанда оқыту тілі толығымен мемлекеттік тілге көшіріледі. Жаңа оқу жылында осындай сыныптар №60 мектеп-лицейі негізінде ашылмақ. Сонымен қатар, дәл осындай әдіс қыздарға арналған Білім-инновация лицейінде биыл ашылатын 5 сыныпқа енгізілмек.

"Жалпы Астана қаласы әрдайым бірінші болып барлық пилоттық жобаларға қатысады. Біздің ұстаздар әрбір өзгеріске, әрбір жаңашыл әдістерге тез арада бейімделеді. Мысалы, жаңа білім беру мазмұны, жан басына қаржыландыру немесе жақын арада аяқталған бастауыш сыныптарына арналған бағдарламалау курстары бар. Бұл курстар балалар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сондықтан жаңа оқу жылында ойын форматында ұйымдастырылған бағдарламалау сабақтары қалалық 40 мектепке енгізілмек", - деді баспасөз қызметі.

Министрлік мəліметінше, биыл елордалық білім ордаларында бірнеше пилоттық жоба жүзеге асады. Мысалы, латын әліпбиіне көшірілетін 5 мектеп пен 3 колледж, электрондық оқулықтарды сабақ барысында қолданатын 2 мектеп бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер