Алматыда 9 мемлекеттік бала бақша салынып жатыр – Б.Байбек - Білім & ғылым|24 Тамыз 2018, 15:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда 9 мемлекеттік бала бақша салынып жатыр – Б.Байбек

Фото: ашық дереккөзден

Қазір 1840 орындық 9 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізіліп отыр. Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дәстүрлі тамыз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында қала әкімі соңғы бес жылда қаламызда білім беруді қаржыландыру 27 млрд теңгеге, яғни 37%-ға өскенін және биылғы бюджет 72,5 млрд теңгені құрағанын айтты.

Оның сөзінше, білім берудің инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, биылғы жылы құрылыс пен күрделі жөндеуге 17 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген.

Сонымен, 1840 орындық 9 мемлекеттік бала бақшаның құрылысы жүргізіліп отыр. Жаңа оқу жылында тағы 840 орындық 4 мемлекеттік бала-бақшаның құрылысы басталмақ.

Сондай-ақ №26 мектептің ескі ғимараты қайта жөндеуден өтіп, 90 орынға есептелген мемлекеттік түзету бала-бақшасы ашылған. Алатау ауданында жалғастыра салынған 600 орындық №151 мектеп пайдалануға берілген. Екінші оқу тоқсанының басында мұнда 600 орынға мектеп және әрқайсысы 400 орындық №184 пен №185 мектептерге жалғастыра салу құрылысы ашылады екен.

«Жаңа оқу жылының басында Наурызбай ауданында инклюзивті оқытуға арналған 1200 орындық заманауи мектеп-гимназия ашылады. Мектеп қажетті жабдықтар – қолжаттам төсеніш, лифт, арнайы санитарлық бөлмелер, түймелі шақырулармен жабдықталған. Физикалық мүмкіндіктері бойынша балаларды бөліп жармай, оларға жалпы коммуникативтік орта құра отырып, біз өте маңызды міндетті шешеміз – яғни кішкентайынан бастап шыдамды мінез-құлық қалыптастырамыз», - дейді Б. Байбек.

Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде Алматы қаласында 18 790 орынға арналған 483 мемлекеттік және жеке-меншік бала-бақшалар салынған. Сол кезеңде 8698 балаға арналған 3 мемлекеттік және 9 жеке-меншік ғимарат бой көтерген. Сонымен қатар, қала басшысы мектептер мен бала-бақшаларда орын тапшылығына да тоқтала кетті. Мысалы, орта мектептерде жетіспеушілік 17 мың орынды құрайды екен.

«Мұндай жетіспеушілік жағдайда тек бюджет қаражатымен шешуге болмайды. Сондықтан да біз мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін, әлеуметтік жауапкершілікті пайдалана отырып, бизнесті тартамыз. Тек соңғы 3 жылда Қалақұрылыс кеңесінде инвесторлар 9 мың орындық 71 балабақша салуға міндеттеме алды. Біз бұл тәжірибені жалғастыратын боламыз. Мысалға, «Базис-А» компаниясы 4 орталық жүктемелі мектептерге қосымша оқу корпустарын салады. Сондай-ақ, биылғы жылы 2,3 мың орынға 71 жеке балабақша мен 2,5 мың орынға 5 жеке мектептер ашылып отыр», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер