BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемнің 7 университетіне оқуға түскен астаналық оқушы

Астанадағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің түлегі Нұрәли Сарбақыш әлемнің жеті бірдей университетіне оқуға түсіп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Елорда инфоға сілтеме жасап.

«Мектепті 5-ке бітіріп жатырмын, Алтын белгіні ақтауға тырысамын. Мені әлемнің 7 бірдей жоғары оқу орны қабылдады. Оның біреуі қазақстандық университет. Атап айтсам, оқу орындарының бірі - Кипрдегі Lefke еуропалық университет, екіншісі Германия мен Бремендегі Jacobs университеті, тағы үш оқу орны Қытайда: Бейжің, Шанхай және Хуфей», - дейді Нұрәли Сарбақыш.

Сонымен қатар, ол Астанадағы Назарбаев университетінің Foundation бағдарламасы бойынша оқуға қабылданған.

Сондай-ақ, бірден бакалавриатқа түсуге өтініш білдірген. Бакалавриаттың жауабы тек бірнеше айдан кейін дайын болады. Бұл екеуінің айырмашылығы сол, Foundation бағдарламасына ағылшын тілі мен жалпы пәндерді оқу курсы кіреді. Сәйкесінше, ол кезде оқу ұзақтығы бакалавриатқа қарағанда бір жылға артық болады.

«Жалпы дайындықты 9-10 сыныпта бастау керек. Ағылшын тіліне көбірек көңіл бөліп, шетелдік емтихандарды тапсыру керек. Уақыттың көбін шетелдік емтихандарға дайындыққа жұмсау керек. Себебі талапкердің академиялық тарихы мінсіз болуы шарт. Сондай-ақ, сен өзің жайлы эссе жаза білуің керек. Емтихан нәтижесі айтарлықтай керемет болмаса да, мақсаты айқын талапкер екеніңді дәлелдей алсаң, оны қағазға түсіре алсаң, қабылдау комиссиясында отырған адам сенің ақылды адам екеніңді түсінеді», - дейді оқушы.

Нұрәли болашақта компьютерлік технология саласында инженер болғысы келеді. Ол оқу жылының басында-ақ халықаралық SAT және IELTS емтихандарын тапсырған. Дегенмен астаналық оқушы әлі қай ЖОО-ға баратынын таңдаған жоқ. Бірақ, қазақстандық университетті таңдауы да мүмкін екенін жасырмады.

«Әлі нақты шешім қабылдаған жоқпын. Бірақ Германия мен Катарды таңдағым келеді. Менің мамандығым бойынша алда келе жатқан елдер осы екеуі сияқты. Бірақ Қытайда да өте жақсы. Әлі таңдамадым. Қазақстандық университетті де қарастырып жатырмын. Оның жауабы жақында ғана келгендіктен, әлі ойланбадым. Сондай-ақ, мен Сүлейман Демирел университетінің олимпиадасында 4-орын алдым. Онда маған грантқа 50% кепілдік бар. Kimep-те екінші орын алдым, ол жақта да 50% грант. Бірақ мен бас тарттым», - дейді Нұрәли Сарбақыш.

Ол осы дәрежеге жеткені үшін анасына, мектеп ұжымына алғыс айтты. Және өзінің қызығушылығымен бөлісті. Оның айтуына қарағанда тарих пен философия қатты ұнайтын көрінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 20:48
Құны түскен атақ
Пікірлер