BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде Әбіш Кекілбаев атындағы мектеп-лицейі ашылды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында Ақтөбеде қоғам және саяси қайраткер, Қазақстан халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есімі берілген жаңа мектеп ашылды. Бұл батыс өңіріндегі заманауи ақпараттық технологияларды терең оқытатын алғашқы мектеп-лицей.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы мен ұлы – Клара Жұмабаева мен Дәулет Кекілбаев, қоғам өкілдері қатысты.

«Әбіш Кекілбаев Қазақстанның заманауи мәдениетінде ерекше орын алады. Оның ұлы шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылды. Ол жазушы ғана емес, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына, халықтың бірлігін дамыту үшін көп нәрсе жасаған дарынды саяси қайраткер. Маған онымен таныс болу және көп жылдар бойы бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды. Ол – жүрегі кең жан. Оның мұрасын өскелең ұрпаққа табыс ету – парызымыз. Балалар осындай ұлы адамдарды үлгі тұтып, өмір сүруді үйренулері керек. Сондықтан да жаңа мектеп Әбіш Кекілбаевтың құрметіне, оның есімімен аталды», - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

900 оқушыға арналған №72 ІТ-мектеп-лицей Авиатор шағын ауданында орналасқан. Оның құрылысына, абаттануы мен жарақтануына шамамен 1,6 млрд теңге бөлінді.

Мектепте қырық оқу кабинеті жұмыс жасайтын болады, соның ішінде информатика, физика, химия және биология, ағылшын тілі пәндерінің жабыдқталған кабинеттері, кітапхана, медиатека бар. 1-7 сынып оқушылары ақпараттық технология негіздерін үйренеді, 7 сыныптан бастап арнайы бағдарламалау тілінің курстары оқу жоспарына енгізіледі. Сондай-ақ, робот техникасы мен 3D-принтингті терең оқыту жағы қаралды.

Мектептің салтанатты ашылу рәсімі оқу ғимаратының қасбетінде Әбіш Кекілбаевтың құрметіне орнатылған мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

«Ақтөбеліктерге еске алғандары үшін алғыс айтамын. Әбіш 77 жасында өмірден өтті, бірақ артынан үлкен із қалдырды. Оның басты тілегі әрқашан бір нәрсе болды – өз елінің бай, бейбіт әрі гүлденгенін көру. Бүгінде біз сондай уақытта өмір сүріп жатырмыз. Балалар, осы сыйды бағалай біліңіздер. Үлкендердің сіздер үшін жасағандарын бағалай біліңіздер, осындай игі істерді жалғастырып, арттыруға ұмтылыңыздар», - деді Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева.

Әбіш Кекілбаев – қоғам және саяси қайраткер, Еңбек ері және Қазақстанның халық жазушысы. Ол ҚР бірінші хатшысы, Президенттің кеңесшісі болды. Қазақстан тәуелсіздігі қарсаңында Әбіш Кекілбаев қазақ тіліне, ономастикаға, ұлттық тарихқа, әлеуметтік-мәдени мәселелерге және халықаралық қатынастарға байланысты мәселелерді шешуге белсене ат салысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер