BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Адамзат жойылғаннан кейін Күн жүйесінің болашағы қандай болады?

«Ондаған миллиард жылдан» кейін адамзат толық құрдымға кеткен кезде қазіргі Күн жүйесінің орнында жаңа ақылды өмір пайда болып, ол мүлдем басқаша өмір сүре байтайды. Бұл туралы астрофизик Этан Сигель Forbes парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Маманның пайымдауынша, болашақ әлемде газ бен тозаң аз болады, бірақ кәрі жұлдыздар көбейеді. Жаңа жұлдыздардың пайда болу белсенділігі басылып, Галактика шегінде жұлдыздар үлкен эллиптикалық галоның сыртында орналасады.

Сигельдің ойынша, «ондаған миллиард жылдан» кейін реликтивті сәулеленудің ізі мүлдем қалмайтындықтан, сол кезеңнің ақылды өмірі Әлем бойынша эволюцияға қатысты жаңаша шешім шығаруы мүмкін.

«Алыс болашақта өркендеуге біздің галактикамыздан тыс ең жақын нысандарды қарастыру үшін жүздеген немесе тіпті мыңдаған жыл әрі қарай қарау керек болады», - деп жазады астрофизик.

Сегіз миллиард жылға жетпей Күн көлемін 300 есеге дейін ұлғайтып, өзінің басты жүйелілігінен шығады. Бұл уақытқа дейін Жер атмосферасыз жай құрғақ тас планетаға айналады. Қызыл гигант фазасы Күннің сыртқы қабаттарын шығарып тастайды. Сонымен қатар ол кезде қазіргі Жердің көлеміндей ақ карлик орналасқан планеталық тұман пайда болады. Мұндай нысандар күн массасындағы қара тесікке айналуға тым жеңіл жұлдыздар эволюциясының соңғы кезеңі болады. Ал тұрақты күйде ақ карлик ондаған миллиард жыл осы күйінде тұра алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер