BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғалымдар қандай адамдардың дәулетті болатынын анықтады

Техас университетінің ғалымдары адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын анатомиясы және ми жұмысымен байланыстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу жұмысына 20-89 жас аралығындағы 304 адам қатысты. Еріктілер өздерінің білімі, карьерасы және табысы туралы айтып берді. Кейін олардың миы магнит-резонанстық томография көмегімен тексерілді. Нәтижесінде ғалымдар сұр зат, ми қыртысының қалыңдығы және мидың әртүрлі бөлігінің өзара қарым-қатынасы туралы ақпарат алды.

Мамандар екі зерттеу нәтижесін салыстыра келе табысты адамдарда сұр зат көбірек болатынын анықтады. Сондай-ақ, оларда нейрондар байланысы өте берік екені белгілі болды. Осының барлығы адам есте сақтау қабілетінің әлдеқайда жақсы және қартайған шақта ақыл-есінен алжаспайтынының дәлелі болмақ.

Зерттеу авторларының айтуынша, өмір сүру салты, қоршаған орта, тәжірибе адамның денсаулығына және ми жұмысына тікелей әсер етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер