Адам ресурстарын дұрыс пайдалану заман талабы - Ә.Бәйменов - Білім & ғылым|13 Қыркүйек 2013, 15:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Адам ресурстарын дұрыс пайдалану заман талабы - Ә.Бәйменов

Астана. 13 қыркүйек. Baq.kz - Адам ресурстарын дұрыс пайдалану - заман талабы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасы Әлихан Байменов осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жақында ғана елімізде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Дамушы нарықтардың екінші «Еуразиялық форумы» өтті. Онда халықаралық сарапшылар елбасының «Қазақстан 2050» стратегиясымен танысып, өз бағасын берді. Елбасы атап өткендей, жаңа бағдарламада адам ресурстарына басымдық берілген. Қазіргі жаһандану заманында мемлекеттер мен елдер арасындағы бәсекелестік адам ресурстарынның сапасына байланысты. Сондықтан да білім беру мен денсаулық сақтау салаларына үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан осы мақсатта түрлі ілкімді жобаларды іске қосып үлгерді. Елімізде іргелі оқу орындары ашылып, жаңа медициналық орталықтар пайдалануға берілді. Жалпы мамандардың сапаларының қосындысы ол адам ресурстары десек, адами капиталы ол мамандардың біліктігін дұрыс пайдалануға байланысты. Яғни, қоғамда меритократия (еңбекті дұрыс пайдалану) болған жағдайда өмірдің барлық салаларында әділетті бәсекелестік пайда болады. Мемлекет басшысы Дамушы нарықтардың екінші «Еуразиялық форумы» аясында осы бағытта бірқатар жобалардың жүзеге асырылатыны жайлы айтты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, біздің агенттік мемлекетпен бірге осы мақсатта бірлесе жұмыс жасайтын болады" деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасы Әлихан Байменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер