BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

8 минутта 200 есеп шығарған 7 жасар ақтөбелік оқушы Дубайды дүрілдетті

Алина Әлиева Ақтөбе қаласындағы №3 мектептің 2 сынып оқушысы. Ол қаладағы ментальді арифметика курсына 5 жасынан бастап қатысқан. Аптасына бір рет 2 сағаттық курсқа қатысып жүрген оқушы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды, дейді BAQ.kz.

"Қызымды 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап ментальді арифметикаға апарып жүрмін. Қызымнің екі жыл ішінде көрсеткен жетістіктері жаман емес. 2015 жылдың 1 наурызында өткен үшінші республикалық байқауда үшінші орынды алған болатын. Ал мамыр айында өткен төртінші республикалық байқаудан екінші орын алып келдік", — дейді Алинаның анасы Айгүл Бакиева.

Бірнеше рет бағын сынап жүрген Алина 2016 жылдың 11 қарашасында Дубай қаласында өткен ХХІ халықаралық ментальді арифметика жарысында бірінші орын алған. Жарысқа 57 елден 4 мың оқушы қатысқан. Балаларға 8 минутта 200 есеп шығару тапсырылған.

"Жасына қарамастан қызым тапсырманы жақсы орындады, бесінші деңгейлік есептерден мүдірген жоқ", — дейді анасы.

Халықаралық жарысқа Қазақстаннан 68 бала қатысқан. Ақтөбеден жалғыз өзі барған Алина Әлиева жүлдемен келді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер