BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

5000-нан астам қазақстандық талапкер шетелдік ЖОО-да оқуға ниет білдірді

Қазақстандық мектеп бітірушілердің саны жыл сайын артып келеді. Биылдың өзінде мектептер мен колледждерді бітіруші түлектердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 20 мыңға артып, 297 000 адамға жетті. Ал бұл көрсеткіш 2025 жылдарға қарай 400 мыңға жетеді деген болжам бар. Осы орайда, халықаралық білім беру бағдарламаларының жетекшісі бола білген "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ адам капиталын дамытудың негізгі көзі болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Орталық қазақстандықтарға сапалы шетелдік білім беруді қамтамасыз ету мақсатында білім беру грантын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде биылдың өзінде қазақстандық студенттерге арнап 10 мыңға жуық шетелдік білім гранттарын әзірлеу бойынша түрлі елдермен келісімшарт жасалды. Олардың қатарында Венгрия, Польша, Қытай, Ресей және Тәжікстан т.б. қатарлы елдер бар.

Осы мамыр айында Шымкент қаласы әкімдігінің сұрауымен ресейлік ЖОО-дың білім гранты үшін қалада алғашқы сыналту емтихандары жүрілді. Бағдарламаның стипендиянттарын қабылдау құжаттарының нәтижелері бойынша 5 мыңнан астам үміткер шетелдік Жоғары оқу орындарында оқуға ниет білдірген. Олардың ішінде 3000-ға жуық талапкер Ресейде оқу үшін сынақ тапсырды. Алдағы уақытта жолдама алған талапкерлердің тізімі Орталықтың ресми сайтында жарияланатын болады.

"Биыл Халықаралық бағдарламалар орталығы Қытайдан, Литвадан, Латвиядан ағылшын тілінде білім алуға гранттар әкелмекші. Бұл шамамен 500-ге жуық студентті тегін біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар деген сөз. Осы орайда, жастарымыздың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашақ" бағдарламасын құрып, қалаған жерінде оқуға жағдай жасап отырған зор мүмкіндігін пайдаланып қалса дейміз. Әрбір қазақ баласының әлемнің кез келген азаматымен тең дәрежеде білім алуға құқы бар" - дейді Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Жанболат Мелдешов.

Анықтама:
Биылғы жылы Орталық Венгрия, Қытай және Гонконг, Польша, Тәжікстан, Ресей және Малайзия университеттерінде оқуға гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдады.
Қазіргі кезде Қытайда, Кореяда және Испанияда білім алу үшін құжаттар қабылдау жұмыстары жүріліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Литваның университеттерімен келіссөздер жүргізілуде, олар қазірдің өзінде қазақстандық студенттерге 200 грант бөлуге дайын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер