BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

“Жас Ұлан” әлемінде

Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның "Жас Ұланы" екенімді мақтан тұтамын. Елдің болашағын баянды ететін жастар. Әр адам қоғаммен біте қайнасып өзін сан алуан қырынан танытады. Алайда осындай жастарды бір арнаға тоғыстырар бұлақ көзі болуы қажет.Қазіргі күні сол бұлақ көзі біздің қоғамда бар. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Елбасының тікелей жолдауымен балалар мен жасөспірімдерді бір тудың астына біріктіру мақсатында құрылған, республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ол - "Жас Ұлан". Көптеген оқушылар секілді мен де осы ұйымның мүшесімін. Сан мыңдаған шәкірттің бос уақытын тиімді пайдаланатын, бір-бірімен топтасып жұмыс жасауға баулитын, білгеніңмен бөлісуге мүмкіндік беретін ұйым. "Жас Ұландық" атанған әр жеткіншектің бойында бір ерекше мақсат бар. Ол өз Отанымыз Қазақстанды сүю. Мен "Жас Ұланның" дамуына өз үлесімді қосып жатқаныма мақтанамын. Сондықтан, кемел келешекке нық қадаммен аяқ басамын. Себебі, "Жас Ұланның" болашағы, ол-менің болашағым. Ол кеудесінде патриоттық сезімі алаулап, жүрегінде жігері жалындаған, бойында қайраты қайнаған әр Қазақстандық жастың болашағы. Мен - оқушымын. Мен - сұлу Сырдың жастық жігері жалындаған оқушысымын. Мен - ата-бабамыздың Отан үшін жеңіске жеткендегі көз жасымын. Мен - ата-анамның үкілеген үмітін ақтар адам болар баламын. Мен - "Жас Ұлан" ұйымының беріле еңбек ететін мүшесімін. "Жас Ұлан" - менімен бірге, бой көтеріп келе жатқан ұйым. "Жас Ұланның" тағдыры - біздің тағдыры- мыз. Біздің тағдырымыз - Отанымыз Қазақстанның тағдыры. Мен - бақытты Ұланмын! Себебі, мен егемен, тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағымын. Мен - елімнің патриотымын!

Назым ТҰРҒАНБЕК. 8-сынып оқушысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер