Жаңа мектепте әрбір оқушы үздік оқуға тиіс - Білім|02 Желтоқсан 2016, 09:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жаңа мектепте әрбір оқушы үздік оқуға тиіс

Еліміз тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр толды. Осы егемендігіміздің бір жетістігін біздің ауылымыздан да көруге болады. Ұрпағымыз жаңадан салынған мектепте оқып жүргені көңіліме қуаныш сезімін ұялатады. Менің немерем Қызжібек №108 “Құркелес” жалпы орта мектебінің 3 “б” сыныбында үздік оқиды. Әжесі Қалбике екеуміз күнделікті сабағын қадағалап, үйренуіне жәрдем береміз. Әрбір ата-ана, ата-әже мектеп табалдырығын енді ғана аттаған өрендеріміздің дәрісті терең меңгеруіне үлес қосса, олардың болашағы жарқын боларына біз кәміл сенеміз.

Махамет ӘЛІМБЕК. Суретте: Қызжібек Халбаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер