Ұстаздар шәкірттерімен мерейлі - Білім|04 Қараша 2016, 12:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұстаздар шәкірттерімен мерейлі

Биыл 20 жылдық тарихы бар қаламыз- дағы білім ордасы — №4 орта мектебі «Аймақты абаттандыру ісі бойынша үздік білім беру ұйымы — 2016» атты өткен облыстық байқауда жүлделі үшінші орынды иеленіп, аудан мәртебесін үстем етті. Әрине, бұл — ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген білім ордасының 20 жылдық мерейтойына үлкен тарту. Біз осы мерейтой қарсаңында тағылымды білім ошағының басшысы Айғаным Ізтлеуоваға жолығып, оқу-тәрбие процесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелескен едік. Сонымен...

— Мектеп — болашақ негізін қалайтын, жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын, тұлғалар қалыптастыратын алтын ұя, — дейді Айғаным Қорабайқызы. — Ауданымыздағы №4 орта мектебінің ғимараты 1974 жылы салынып, 160 балаға арналған балабақша болып құрылған. Ата-аналардың ұсынысымен 1996 жылы дара бастауыш мектеп болып ашылды. Мектептің алғашқы директоры Нұржамал Сағырова болды. Алғашында бастауыш сыныптардың оқушыларын қабылдаған мектепте 120 оқушы білім алды. Оқушыларға 10 мұғалім сабақ берді. Олар: Нұржамал Сағырова, Айнагүл Нұрадинова, Шалқаргүл Тажмағанбетова, Ғалия Тлеумбетова, Алмагүл Құлжұмырова, Жұмагүл Садықова, Күлпәш Жаманова, Досым Аяпов, Айша Ахметова, Жәмила Ерімбетова. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын басқара отырып, белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, 34 оқушы үздік білімімен көзге түссе, 33 оқушы екпінділер қатарына қосылды. Араға жыл салып 1997 жылы негізгі мектеп болып, 2002-2003 оқу жылынан бастап орта мектеп болып ашылды. Мектеп директоры болып Байдрахман Қайралап тағайындалды. Мектепте 322 оқушы білім алып, оларға 50- ге жуық мұғалім сабақ берді. Мектеп ұстаз- дары оқу-тәрбие жұмысына тиімді жаңалықтар енгізіп, оның сапасын арттыруға оңды әсерін тигізді. Мектеп алғашқы түлектерін 2004 жылы ұшырды. Бір кезде балабақша болып ашылған мектеп өзінің өсіп-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтерілді. Биыл мектебімізге — 20 жыл.

Бұл — тарих үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін тарихтың бір бөлігі. Байдрахман Нағиұлы 2005 жылға дейін басшылық жасап, парасаттылықтың, ізденімпаздылықтың сара жолын салды. Тәжірибелі, ұйымдастырушылық қабілетімен басшы бола білген Берден Ахмет 2005 жылдан 2010 жылға дейін алдыңғы буынның салған сара жолын жалғастыра білді. «Шеберлік ізденістен басталады» бағытында жұмыс жасайтын №4 орта мектепте 2010 жылдың сәуір айынан бастап Әлия Оспанова басшылық жасады. Ол кезде 311 оқушы білім алды. Оларға жоғарғы білімді 61 мұғалім тәлім-тәрбие берді. Жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде білімнің сапалық көрсеткіші артып, Ләззат Жиенбаева, Элеонора Басмағанбетова, Күнжәмила Еңсепова, Ақмарал Есен қазақова, Мирамгүл Ашықбаева, Ғалия Сарина, Орындық Бұсырманова, Жұмагүл Мусина, Кәмшат Абжапарова облыс әкімінің «Үздік педагог» марафонының грант иегерлері атанды. Республикалық «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасының қорытындысында «Үздік білім беру ұйымы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, автокөлікке ие болды.

— Сіз осы білім ордасына басшылық жасағалы мектеп ұжымы оқу-тәрбие процесінде қандай белестерді бағындырып келеді?

— 2013 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқарып келемін.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы айтулы мерекемен тұспа-тұс келіп отырған мектебіміздің 20 жылдығы. Өткенге көз жүгіртер болсақ, абыройлы қызмет атқарып, келер ұрпаққа із қалдырған ардагер-ұстаздар Байдрахман Қайралап, Орындық Пұсыр- манова, Айсұлу Қитаманова,Тыныштық Сейіл, Набат Бақтыбаева білім ордасында шәкірттеріне ізгіліктің, парасаттылықтың, Отансүйгіштіктің үлгісін көрсете біліп, мектеп мақтанышына айналды. Білімнің қайнаған ошағында ардагер-ұстаздарымыздың жас буынға көрсетер үлгі-өнегесі ерекше болды. Өскелең жас ұрпақтың сапалы білім алуына материалдық-техникалық базаның алар орны ерекше екені белгілі. Сондықтан мектеп ғимараты, оған қарасты «Азамат» спорт кешені аудандық бюджет есебінен бөлінген қаржыға күрделі жөндеуден өткізіліп, мектеп ұжымы мен оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына тың серпін берді. Мектепті заман ағымына қарай жаңашыл үрдісте басқарып, білім беру мен тәрбие жұмысын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастырып, «Жаратылыстану бағыты бойын- ша кіріктіріп оқыту технологиясының тиімділігі» тақырыбында облыстық эксперимент алаңына енгізілген болатын. Нәтижесінде ауқымды жұмыстар атқарылып, облыс деңгейінде эксперимент қорытындысы сараланатын болады. «Ақпараттық оқыту технологиясын ауыл мектептерінде тиімді пайдалану» тақырыбындағы облыстық байқауында өзінің бастамашыл озық ойларымен белсенділік танытып, жаңашылдық тұрғыда шығармашылық үлес қосқаны үшін мектеп ұжымы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Биылғы жылы өткен «Үздік білім беру ұйымы» аудандық байқауында Алғыс хатпен марапатталды. Мектеп ауласын абаттандыруда мектеп ұжымының ауызбіршілікпен нәтижелі жұмыс жасағаны баршаға аян. 20 жылдық тарихы бар жас білім ордасы «Аймақты абаттандыру ісі бойынша үздік білім беру ұйымы — 2016» атты өткен облыстық байқауда жүлделі үшінші орынды иеленіп, аудан мәртебесін үстем етті. «Жас ұрпақтың ауылдың гүлденуіне қосар үлесі» тақырыбындағы аудандық байқауда ең үздік дәрежеде көгалдандыру жұмысын атқарғаны үшін «Көгалдандыру бойынша Үздік бригада» номинациясын иеленді. Көгалдандыру кезіндегі ерекшелік — мектеп ауласының тәжірибе алаңына қызанақ, бұрыш түрлері, баялды, картоп, т.б. бау-бақша өнімдері егіліп, жақсы жасалған күтімнің арқасында өз жемісін берді. Бау-бақша өнімдері мектебіміз орналасқан Газшылар қалашығында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін таратылып берілді. Мектеп ауласын абаттан- дыруда мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Күнжамила Еңсепова «Өсімдіктер дүниесінің шебері» атағын иеленді.

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Үш жыл қатарынан ұжымның қолдауымен құрбандық шалынып, көмекті қажет ететін отбасыларға ізгіліктің көрінісі көрсетіліп жүр. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» — демекші, қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзіңе, отбасыңа шарапаты тиері сөзсіз. «Түлектерім ұшып шыққан ұядан» атты әр жылғы түлек- термен кездесу, дөңгелек үстел, кофе-бринг, «Ең үздік зерткер» байқауы, «Тәуелсіздік жыршысы» атты айтыс, факультативтер және үйірмелер шеруі, «Ең үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі», «Алтын сақа», спорт жарыстары, т.б. жоспарлы шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.

— Айғаным Қорабайқызы, білім ошағының 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Осыған орай қандай мәдени- көпшілік шаралар ұйымдастырылмақ?

— Рахмет! 20 жылдық мерейтойымызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында атап өту жоспарланып отыр. Мерейтой аясында «Мектебіме — 20 жыл» тақырыбында сыр-сұхбат, өлеңдер байқауы, жоба қорғау, мамандық таңдау, мерекелік концерттік бағдарлама, сыныптан тыс, ардагер-ұстаздармен сыр-сұхбат, айтыс, т.б. шаралар өткізу жоспарлануда.

Мектептің Гимні жергілікті, сазгер, ақын Сайлаубек Елмановтың қаламынан туындап, 20 жылдық мерекесіне арналып Ту жасалды. Мектептің ұстаздары үлкен жауапкершілік сезімімен оқушыға тиянақты білім беріп қана қоймай, қажыр қайратымен өсіп келе жатқан ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, жоғары өнегелі қасиеттерді шығармашылықпен іске асырып келеді. Осындай нәтижелі еңбектің арқасында мектептің оқушылары түрлі дәрежедегі байқау- ларда жеңіске жетіп, мектеп абыройын асқ- ақтатып жүр. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деп тегін айтылмаса керек. Сондықтан да балаларды білім нәрімен сусындатып, биік армандарға жетелейтін ұстаздың қоғамдағы орны да ерекше. Мектебімізде оқушыларға терең де, тиянақты білім беріп, өз сабақтарында түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып, жемісті еңбегінің арқасында жеңіс тұғырынан көрініп жүрген тәжірибелі ұстаздар Сәния Құлмұратова, Райла Елманова, Жадыра Құлбарақова, Күнжәмилә Еңсепова, Жәмилә Ерімбетова, Бибігүл Мусаева, Кәлия Медетова кейінгі жас ұстаздарға үлгі өнеге.Тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Қанатбаеваның шәкірті, 11-сынып оқушысы Аяжан Әндірбаева республикалық Яссауитану байқауында оқ бойы озық болып, жүлдегер атанып, мемлекеттік грантты иеленді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Назгүл Аяпованың шәкірті, 7-сынып оқушысы Арина Жақсылықова халықаралық тоғызқұмалақ жарысында жүлделі ІІ орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткізілген облыстық «Жемқорлықсыз жол — сенімді жол» атты онлайн педагогикалық олимпиадасында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Саягүл Әлиманова II дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақ елінің үздік ұстазы» медаліне Күлжанар Бұрқан, Мира Құлтанбаева, Алмагүл Оразалина, Ләззат Жиенбаева, Дайрагүл Қырғызбаева ие болды. Еліміздің көк туын желбіретіп, даңқын арттырып жүрген Құрал Молжанов, Мейрамгүл Тұрғанбаева, Ербол Медеубаев, Азамат Салин, Кенжетай Шойғарина, Сәулет Әбдімұратов, Нұрғиса Тұрғанбаев, Нұркен Мерғалиев, Әділбек Есенжолов, Нұрболат Здан, Мұхаммед Бөлеков, Бейбарыс Әбдіжамулов, т.б. мектеп түлектерінің еңбек жолындағы және спортта алған белестері қөңілге үлкен қуаныш ұялатады. Мектепте абыройлы еңбек етіп, бүгінгі таңда облыста және ауданның әр саласында қызмет етіп, зор беделге ие болып жүрген әріптестеріміз Әлия Оспанова, Жанар Сейтмағанбетова, Берден Ахмет, Гүлжанат Елғондина, Гүлмира Оразова, Әлия Төрежанова, Алтынай Жамалова, Қорғанбек Исаев, Элеонора Басмағанбетова, Нұргүл Жақсыбаева, Алмагүл Жадырасынова, Әсемгүл Тлеужан, Жаниса Қонысова, Құралай Нұрпейісова, Алтынбай Беркімбаев, Айгерім Утемамбетова, Гүлім Рысмағанбетованы әрдайым мақтан тұтамыз. Мектеп ұжымы ерен еңбегінің нәтижесінде биік белестерді бағындырып келеді. Егеменді еліміздің болашағы бақытты да баянды болып, қашан да ел үмітін ақтайтын «Білім» атты кемеде бірге жүзіп келе жатқаны біз үшін үлкен мәртебе.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ, «Шалқар"


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер