BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұстаз - ұлы есім

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты», – деп айтып кеткен-ді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи-әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор болады. Жалпы, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушылар да бас иген. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматтарды тәрбиелейтін мамандықты таңдап, елімнің өркендеп өсуіне өз үлесімді қоссам деймін. Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін, бала күнімнен арман болған ұстаздық мамандығын игеріп, еңбек етіп жүрген замандастарыма сәттілік тілеймін! Бақтияр сЕрІКҰлЫ, №12 Қ.сарымолдаев атындағы орта мектеп мұғалімі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер