ҰБТ-ның жаңа форматы - Білім|24 Қараша 2016, 17:08
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ҰБТ-ның жаңа форматы

Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілді. Осы жайында аудандық білім бөлімінің қызметкері Гүлшат Құдайбергеновадан сұхбат алған едік.

-Гүлшат Болатқызы ҰБТ-ның жаңа форматы жайында жалпы айтып өтсеңіз?

-Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілді. Министрліктің шешімімен ұлттық бірыңғай тестілеуді екі кезеңге бөлу қабылданды. Қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы және ҰБТ – ЖОО-на түсу емтиханы. Қорытынды аттестат- тау мектептерде 5 пән бойынша өткізілетін болады, 4-і міндетті және 1-і таңдау бойынша.

-Қорытынды атестат- тау дегеніміз не?

-Ондай емтихандар бүгінде барлық мектептерде өткізіліп келеді, яғни ҰБТ- ға қатыспайтындар тапсырды. Енді, барлық түлектер тапсырады. Сондықтан бұл жерде айырықша жаңа ештеңе де жоқ. Барлығы мұғалімдер мен оқушыларға таныс. Бірақ, дәл осы уақытқа дейінгі сауалдарды облыстық білім басқармасы дайындап келсе, енді Ұлттық тестілеу орталығы дайындайтын болады. Міне, айтарлықтай өзгеріс – осы.

-Ал, «Алтын Белгі» мәселесі қалай шешіледі?

-«Алтын Белгi» төсбелгісін беру мектепте жүзеге асырылатын бо- лады. «Алтын Белгi» иеленгендерге ҰБТ талап етілмейді. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу үшін ем- тихан, мемлекеттік грант анықтайтын жүйе болып қалады.

-Жоғарыда ҰБТ-ның жаңа форматы жайын- да тоқталдыңыз. Сонда да сұрайын дегенім, оның форматы қалай өзгереді?

-ҰБТ форматы өзгереді. Бұрын 5 пән бойынша 125 сауал болды. Оның ішінде 4 пән бойынша 100 сауалы ескерілді, соның ішінде 3-і міндетті және 1-і таңдау бойынша. ҰБТ форматы бойынша 2017 жылы 120 сауал болжанып отыр. Барлық сауалдар 5 пән бойынша ескеріледі, соның 3-і міндетті және 2-і профильді, түлектің жоспарлап отырған ЖОО- дағы түсетін мамандыққа қатысты.

-Ал, тестілеудің уақыты ше, ҰБТ тапсыру уақыты өзгере ме?

-Тестілеуді өткізу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Орташа балл - 50, өзгеріссіз қалды. Ал, ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру уақыты 1-маусымнан – 1шілдеге дейін, 17-шілдеден 23 шілдеге дейін КТ. ҰБТ қайта тапсыруға тамыз, қаңтар айларында мүмкіндік беріледі. Орташа балл - 50.

-Сұхбатыңызға үлкен рақмет! Білім саласындағы еңбектеріңіз еселене берсін!

Әңгімелескен Р.ӘЛКЕЙ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер