Сауат ашумен қоштасамыз ба? - Білім|04 Қараша 2016, 11:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сауат ашумен қоштасамыз ба?

Иә, бір ғасырға жуық уақытта балаларға әліпті әріп етіп көрсеткен Әліппемен жыл сайын жылдың соңында қоштасатын едік, енді биыл мәңгілікке қоштастық. Әліппенің ендігі қызметін "Сауат ашу" кітабы алмастырып, биылғы бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндер сауатын "Сауат ашумен" ашты. Осы ретте, Әліппе кімдерге "көзге шыққан сүйел болды екен?" деген сауал еріксіз мазапайды. Енді бүлдіршіндер Әліппемен қоштасудың орнына, "Сауат ашумен” қоштаса ма?.. Білім беру жүйесі - сынға көп ұшырайтын саланың бірі. Еліміздегі Білім және ғылым министрі ауысқан сайын білім саласына өз өзгерісін ала келетін болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім беруде үштілді жүйеге көшуді тездетуге барын салуда. Биыл "Әліппеден" жеріп, оның орнына "Сауат ашуды" енгізеді. Әліппені қолына ұстаған кез-келген бала ондағы мәтінді оқып, тақпағын жаттауға еш қиналмайтын.

Себебі, "Әліппеде" барлық сөз, сөйлем буын-буынға бөлініп, суретпен беріледі. "Әліппе" оқулықтағы түрлі- түсті суреттерімен де, оқыту тәсілінің ерекшелігімен де, атауымен де барлық бүлдіршіннің жүрегіне жақын оқулық еді. Немересінің сабағын өзі мұқият қадағалайтын Орынтай апа "Заман талабына сай кез-келген жаңалықты қолдаушылардың бірімін",- дейді. Бірақ ол жаңа жүйе енгізілмей тұрып, жан-жақты жетілдірілуі қажет екенін айтады. Ең аяғы, жаңа жүйе 1- сыныпқа барған баланың мектепке қанша кітап апаратындығына дейін жан-жақты зерттеліп барып, енгізілгенде, жақсы болар еді деп отыр.

Өйткені, бірінші сыныпта өтетін он пәннен қос-қостан кітабы, оған қоса екіден дәптерлері бар баланың сөмкесі де тым ауыр. Ол аздай, сабақтары да қиынд ап кетті дейді. Үштілді ж аңа жүйенің алғашқы оқушылары түгілі, ата-аналары да тілден шатасып біттік деп қапалы. - Орыс тілінен - тақпақ, сауат ашудан - тақпақ, ағылшыннан - тақпақ. Бірден үш тілден тақпақ жаттау балаға ауыр. "Әліппесінен" айырылып қалғандары аздай, үйде бал аны сабаққа әзірлеу үшін ғаламтор ақтарамыз. Арнайы аударма жасаймыз. Дегенмен, министрліктің оқулықтың атауын былайша өзгерткені көңіл-ге кірбің ұялатады. Өйткені, "Әліппе" қазақы түсінікте қастерлі атауға айналып кетті,- дейді ол. Біз ұстаздардың жаңа жүйеге қатысты жағ ымсы з пікір айта алмасын білсек те, ата-ананың шағымын арқау етіп, мектепке бас сұқтық. Семейдегі №4 орта мектептің 1 "ә" сыныбының сынып жетекшісі Раушан Самалықоваға жолыққанымда, биылғы оқу жылында оқу бағдарламасында жаңалық көп екендігін алға тартты: - Әліппенің ең бірінші бетінде Н. Назарбаевтың балаларға тілегі жазылып, одан кейінгі беттерде суреттер бейнеленіп, суреттермен балалар жұмыс жасауға үйренетін. Суреттер бойынша сұраққа жауап беріп, әңгіме айтуға жаттығып, әр сабақ сайын бір әріппен таныса отырып, әріп және дыбыс, олардың айырмашылығы жайлы мағлұмат алатын. Ал "Сауат ашу" бойынша әріпті өтпей жатып, суреттерге қарай отырып дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастырдық. "Сауат ашуда" бір әріпті үйренуге төрт- бес сабақ арналады да, сол уақытта баланы өздігінен ізденуге үйрететін түрлі тапсырмалар беріледі. Яғни, баланы жаттанды білімге бағыттау емес, бір дүниені үйренуге өзінше талпыну, іздену, керекті білімді игеруге өзі күш салып барып қабылдауға баулиды.

Сондай-ақ, бұл кітаптың соңында дискі бар, дискіні тыңдай отырып балалар сауатын ашады,- дейді. "Сауат ашу" кітабын парақтап отырып, 26 беттегі мына бір өлең жолына көзіміз түсті. Жоқ шығар теңдесі, Бір ғажап бала бар. Тұратын бөлмесі Қорамен барабар. Кітаптар обалды, Сиямен сыланған. Демейсің оларды Басқамен бір алған. Айнала жайыпты Ойыншық байлығын. Кім бұған айыпты? Ұқсама қайбірің. (Сейтен Сауытбеков) Алғашқы екі жолды оқығанда автор "вундеркинд" бала туралы айтқалы отыр екен деп ойлайтыныңыз анық. Келесі екі жол мазмұны әлгі ойыңызға мүлдем кереғар. Автордың не айтқысы келгенін түсінбей, екінші рет қайта оқып шықтым. "Ұйқасы жоқ өлеңсымақты кітап бетіне қалай басқан?" деген ой келді. Балаға жаттату үшін оны өзің түсіне білуің керек емес пе? Өлеңнің өріне шыққан ақындардың емес, тақпақтың төріне шыққан ақындардың шимайын балаға енді түсіндіріп көріңіз. Кітаптың атауын өзгертпей-ақ, ішкі мазмұнын жаңартумен шектелсек болмас па еді? Министрліктегілердің "Сауат ашу" пәнінің "Әліппеден" айырмасы жоқ екенін айтқанын естідік. Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы деп бағалап келген қадірлі кітаптың атауын ауыстырғаннан ұтатынымыз шамалы...

Биыл тұңғыш мектеп табалдырығын аттаған оқушылар сәл есейген соң ақын Аманжол Шамкеновтің сөзіне жазылған Әбілахат Еспаевтың "Ұстазым" әнін Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Есімде сауат ашуды жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның... деп шырқап тұрса таңғалмаңыз...


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер