Назарларыңызға: ҰБТ қалай өзгереді? - Білім|16 Қараша 2016, 13:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Назарларыңызға: ҰБТ қалай өзгереді?

Фото: www.youtube.com

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу және мектеп бітіру емтихандары жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслиxатын өткізді. Баспасөз мәслихатында айтылған мәселелер туралы толық мәлімет бергенді жөн көрдім.

1. Мектеп бітіру емтихан туралы

Мектеп бітіру емтиханын 5 пәннен тапсырады. Емтихан 29 мамыр мен 9 маусым арасында жүгізіледі. 1) Қазақ тілі мен әдебиетінен еркін тақырыпта 250 сөзден тұратын эссе жазады. Жазу уақыты 3 сағат. Эссе әдеби тақырыптарда беріледі, ол шағын көлемдегі прозалық шығармалар немесе оқушының өзінің жеке ойын білдіретін еркін тақырыпта жазылады. 2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен бес тапсырмадан тұратын бақылау жұмысы (жазбаша емтихан). Оған бес астрономиялық сағат беріліп отыр. Тапсырмалары математикалық фактілерді, түсініктерді, тәсілдерді, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешуге арналады. 3) Қазақстан тарихы пәнінен 3 сұрақтан тұратын ауызша емтихан. Екі сұрақ Қазақстан тариxының теориясын қамтитын болса, үшінші сұрақ шығармашылық сұрақ болады. Ол кезде картамен, т.б. мен жұмыс істеу керек. 4) Орыс тілінен тест. Оған 80 минут беріледі. 40 сұраққа 40 ұпай беріледі. Мұнда 10 сұрақ тыңдалым, 20 сұрақ грамматика, 10 сұрақ оқылым. 5) Таңдау пәні. Таңдау пәнінен 30 тест, оның жартысында бір жауабы, жартысында екі немесе үш жауабы дұрыс. Жалпы 60 балл. Ескерту. Тест арқылы тапсыратын екі пән бір күнде болады. Сұрақтарды дайындау ұлттық біріңғай тестілеу орталығы жүргізеді. Алтын белгі осы емтихан нәтижесінде анықталады.

2. Ұлттық біріңғай тест

Бұл талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсуі және мемлекеттік грантты бөлу үшін жүргізіледі. Бұл 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі. Оқушы бес пәннен екі күн тапсырады. Бірінші күні міндетті үш пән, екінші күні екі таңдау пәнінен тапсырады. Міндетті пәндер: 1) Оқу сауаттылығы. 2) Математикалық сауаттылық. 3) Қазақстан тарихы. Бұлардың барлығы жеке-жеке 20 тесттен тұрады жалпы 60 тест, жалпы ұпай 60 балл. Ал таңдау пәні екі пән, әрқайсысы 30 тесттен тұрады, жалпы 60 тест, мұның ішінде жартысы - бір жауабы дұрыс, жартысының екі немесе үш жауабы дұрыс тест немесе сәйкестендіру сұрақтары. Жалпы ұпайы - 80 балл. Ескерту. Колледж бітіргендер тек екі таңдау пәнін ғана тапсырады. Осы тестер нәтижесінде оқушы жоғары оқу орнына түсе алады. Ұлттық тестің жалпы балы 140 балл! Барша түлектерге сәттілік тілейміз! Дайындығы мықты оқушыға әрқандай емтихан кедергі келтірмейді.

Аятжан АХМЕТЖАН, Респбуликалық "KAZBILIM" орталығы директоры


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер