BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мерейің үстем болсын, оқу ордам!

Айналдым ата қоныс -Көкшетауым,
Түрленген тотыдайын бақша-бауым.
Асқақтап ел мерейі тұрған шақта,
Жырдан шашу шашайын ой-хой, қауым.
Қойнауы құт-шежіре асқар белім,
Шабытымның заңғары тасқан жерім.
Жаратқанның сыйындай неткен ғажап,
Кестелі кең пішілген сексен көлім.
Өткен ізден белгі боп 190 жыл,
Тарихта қалды ғой қаншама сыр.
Хандық құрған ақтангер Абылаймен,
Сал-серілер туғызған Көкшетау бұл.
Ағарту əлемінде қорған болған,
20 жыл құтты болсын, оқу ордам.
Өзіңнен қанаттанып түлеп ұшқан,
Мен-дағы бір балаңмын білім алған.
Маздатып ізгіліктің үрлеп шоғын,
Үйретіп адамдықтың оң мен солын.
Сен маған киелісің,алтын ұям,
Табылған өзіңменен бар мен жоғым.
Іштегі жырларымды өзіңе арнап,
Қолыма қалам алдым мен де бүгін.
Жасай бер, киелі ордам, білім берген,
Мерекең құтты болсын, алтын ордам!

Айдар Қожабаев
баспасөз хатшысы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 22:18
ҚАБАНДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 
Пікірлер