Мектеп ұжымымен жүздесті - Білім|31 Қазан 2016, 13:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мектеп ұжымымен жүздесті

Аудан әкімі Абат Шыныбеков Бұлдырты орта мектебінің ұжымымен кездесті. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева мектептің жағдайын айтып өтті. Мектеп директоры Алмагүл Төлеуқызы оқу ордасында 55 педагог, 5 жас маман білім берсе, былтырғы оқу жылында 31 түлек мектеп бітіріп, соның бәрі оқу орындарында оқып жатырғанын мәлімдеді. Білім стандартына сәйкес, аттестациядан өту пайызы 50 пайыз болса, бұл мектеп 53,6 пайызбен аттестациялаудан өтті. Жоғары санатты мұғалімдер саны 17 болса, І санаттылар 20, ІІ санатты ұстаздар 3-еу. Соңғы екі жылда 15 мұғалім біліктіліктерін арттырды. Мектеп оқушылары республикалық, облыстық байқауларда жүлде алып жүр. Мектеп директорының оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары туралы айтты. Бұлдырты орта мектебінде «Жайық арулары» қыздар клубы, «Мирас» ұлдар клубы, «Ізбасар» әкелер клубы жұмыс жасайды. Бұлдырты орта мектебіне жуырда автобус көлігі беріледі.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер