Мектебім-мақтанышым - Білім|23 Қараша 2016, 10:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мектебім-мақтанышым

Мектеп - білім тірегі, Ұстаз- оның жүрегі» дегендей білім мен тәрбиені бала бойына «инемен құдық қазғандай» етіп сіңіртіп, олардың бойына біліммен қатар отаншылдық рухты дарытып, тәлім- тәрбиенің қайнар бұлағымен сусындатып, адамгершілік, мейірімділік, ізгілік шуағын сеуіп, жүзден жүйріктерді аянбай шығара білген қасиетті білім ордасындағы саналы ғұмырын жас ұрпаққа арнаған ұлағатты ұстаздарымыз десек еш артық айтпас едік. 1990 жылдарда Өскемен қаласында санаулы ғана таза қазақ мектебі болатын. Егемендік алған соң, қалаға ауылдардан халық көптеп көшіп келе бастады. Сол кездері Тоқымашылар қалашығына жаңа үйлер салынып, бала санының көбеюіне байланысты қазақ мектебінің жетіспеуі мәселесі туындады. Оралхан Бөкей атындағы №44 қазақ орта мектебі 1993 жылы Өскемен қаласының Тоқымашылар қалашығындағы бұрынғы №33 орыс мектебінің ғимаратында ашылған еді. Қапыда үзілген қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған, небір жауһар туындылар қалдырып кет- кен қуатты дарын иесі, асқақ та әйгілі қаламгер жазушы, Өр Қаратай елінің тумасы Оралхан Бөкей есімі Өскемен қаласындағы біздің мектебімізге 1994 жылы ресми түрде берілген еді. Осыдан бастап табаны күректей 22 жыл өтті. Атқарылған іс-шаралар, төгілген тер мен өлшеусіз еңбек қаншама?! Тарих қойнауына үңілсеңіз, санамалап айту үшін уақыт та, ақ қағаз да жетпес, сірә! Мектеп жүйесін оңтайландыру, бір ізге салу үшін ең алдымен оқушылар арасында бірыңғай талап қойып, жауапкершілікке шақыру, асқақ тұлғалы Оралхан Бөкей атындағы мектептің үлгілі оқушысы атына сай болуға тәрбиелеу мақсатында мектеп әкімшілігінің басшылығымен 1999 жылы мектеп оқушыларына бірыңғай классикалық киім үлгісі, яғни ұлдарға қара костюм, қара шалбар, ақ көйлек, қыздарға ақ жейде, қара юбка қабылданды және мектеп өмірінде балаға негізгі тәрбие беру мақсатында Ата заң, Білім туралы заң және мектеп жарғысына сай педагогикалық кеңестің шешімімен 2000 жылы ұлдар мен қыздардың Кодексі қабылданды. Әрбір оқушыны Оралхандай ұлтжанды болуға, болашақта От- анына, халқына адал қызмет атқарып, мемлекетіміздің көркеюіне үлес қосып, жақсы азамат болуға, туған елін, білім мен тәрбие алып жүрген ордасын сыйлап, нағыз азамат пен азаматша екенін көрсету мақсатында 2000 жылы қыркүйек айында мектеп рәміздері: Таңба, Ту, Әнұран және оқушылар мен мұғалімдерге арналған Төсбелгі қабылданды. Рәміздердің авторы мектеп директоры - Түменбаев Таңатқан Қалибекұлы. Мектептің әнұраны әр дүйсенбіде мектеп жиынында, мектепішілік іс-шараларда айтылады. Мектебімізде оқушыларды жүйелі түрде патриоттық тәрбиеге ба- улу мақсатында 2000 жылдан бастап оқушыларымыздың рухани баю орталығы «Төрт таған» атты мектеп мұражайы өз жұмысын жасап келеді. Мұражай төрт бөлімнен тұрады. Олар: «Талантына табындырған қаламгер» (Оралхан Бөкей бағыты), «Отан үшін от кешкендер», «Мектеп-білім ордасы» және этнографиялық бағыт. Барлық бөлімдер бойынша жыл сайын оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың көмегімен жәдігерлер толықтырылып отырады. Әрбір істелген істің өшпес бір белгісі, артында қалдыратын ізі болуы керек. Осы мақсатта мектеп ұжымының күшімен, оқушыларымыздың шығармашылығымен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап «Жеңіс деп соққан жүректер», Ұлы Жеңістің 65 жылдығына «Ерлік- ұрпаққа мұра» атты естелік- кітаптар, сондай-ақ еліміздің болашағы келер ұрпаққа үлгі болар адамгершілік пен имандылықты бойына сіңірген, кішіге үлгі көрсетер аға, үлкенге құрмет көрсетер іні бола білген қазақтың біртуар нағыз патриот азаматы - Оражанов Манап Оражанұлы туралы «Өнегелі өмір» атты естелік кітап, мек- теп өмірінен сыр шертетін, өзінің сан жылғы тәжірибесін тарату мақсатында дүниеге келген «Мектебім-мақтанышым» атты кітаптар жарық көрді. Қазіргі таңда бұл кітаптар мұражай төрінен орын алып, мәңгілік ерлікті, ұстаздық үлгісін паш етіп тұр. Мектебіміздегі білім мен тәрбиедегі жетістіктер мен жаңалықтарды ата-аналарға хабардар етіп, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамы- ту, қоғамдық ұйымдармен, соғыс және тыл ардагерлерімен, қаланың құрметті азаматтарымен, ішкі істер т.б. ұйымдармен байланыс жасау мақсатында алғашқы атауы «БАСТАУ» болып, кейіннен ұлы жазу- шы Оралхан Бөкей есімімен, туған жерімен байланыстыра отырып, 2000 жылдан бастап таралымы 1000 дана болып, «ӨР АЛТАЙ» деген атпен мектеп газеті жарық көре бастады. «Мектеп- білім тірегі» дегендей жас ұрпақты білімді де өнегелі, рухты етіп тәрбиелеу мақсатында 2000 жылдың 11 тамызы күні №2572 Өскемен қаласының әкімшілігі және қалалық білім беру басқармасының шешімімен мектебімізге «Лицей» мәртебесі беріліп, «Мектеп-лицейі» атандық. Ал 2016 жылдан бастап таза «Лицей» мәртебесін алдық. Лицей - дарынды балаларға арналған жаңа типтегі мектеп. Бірақ әлі күнге дейін лицейге арналған талаптарды маталар комбинаты ауданында мемлекеттік тілде оқытатын мектептер жетіспейді. Осының салдарынан мектепте дарынды оқушылармен және әр сыныппен түрлі іс-шаралар, үйірме жұмыстарын жүргізетін каби- неттер жетіспейді. 2012 жыл- дан бастап жаратылыстану- математикалық бағытта жұмыс жүргізудеміз. Бұл бағытта оқушыларды математика, физика, химия, география, биология пәндері бойынша тереңдетіп оқытып және жоғарғы техникалық оқу орындарына түсуге дайындаймыз. Жаратылыст ану-математика бағыты болғандықтан оқушыларды қазіргі заманға лайықты техникалық мамандықтар бойынша оқу орындарына дайындаймыз. Осы негізде 2014 жылы 19 сәуір күні қаламыздағы мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің» ректоры, физика-матема- тика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Темірбеков Нұрлан Мұқанұлымен ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. 2010-2011 оқу жылында мектебіміздің Лицей мәртебесінің 10 жылдық, 2012-2013 жылы ақиық жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық және мектептің 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздегі жаңа стратегиялық модернизацияны жүзеге асыру, ең алдымен адамдардың білімі мен денсаулығына байланысты екенін атап өткен болатын. Сондықтан да білімді де саналы тәрбие алған ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімнің орны айрықша және міндеті де жоғары болып табылады. Сондықтан біздің алдыға қойған үлкен мақсат- бәсекеге қабілетті тұғырға елімізді көтеретін болашақ иесін-жаңа тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру деп білеміз. Осы мақсатта мектеп түлектерінің ішінде 2003 жыл- дан бастап Бірыңғай Ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша 10 жыл ішінде мектеп түлектері арасынан 88 оқушы «Алтын белгі», 37 оқушы «Үздік куәлік» иегерлері атанды. Мектеп түлектері соңғы жылдары 98% дейін мемлекеттік грант жеңімпаздары болды. Мектеп кәсіби қызметте жоғары жетістіктері үшін және ғылыми-әдістемелік жұмысына белсене қатысқандары үшін «Сапа белгісі-2008» дипло- мымен марапатталды. 2009 жылы мектеп-лицейі қала мектептерінің арасында Бірыңғай Ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша ор- таша балл 99,8% алып, Қазақстан Республикасының 100 үздік мектеп қатарына енді. 27 оқушы Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашақ» бағдарламасы стипендиясының иегерлері атанды. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша «Зерде» ғылыми қоғамы қала бойынша алдыңғы орында тұр. Оның дәлелі, 2008 жыл- дан бастап 22 оқушы АҚШ, Корея сияқты алпауыт мемлекеттерге барып, халықаралық ғылыми жоба байқауынан жүлделі орындарды иеленіп, ҰБТ-дан босатылып, 125 балдық көрсеткішке ие болды. Мектеп-лицейі ұжымы 2007-2008 оқу жылында облыс әкімінің сыйлығына арналған “Ең үздік қала мектебі” байқауына қатысып, Бас жүлдені жеңіп алса, 2010-2011 жылы жүлделі І орынды иеленіп, қаржылай сыйлықты иеленген болатын. Сонымен қатар 2011 жылы республикалық «Білім ұясы» байқауына қатысып, мақтау қағазын алды. Ал 2015-2016 оқу жылы біз үшін нағыз толағай табыс пен жеңістің жылы болды десек артық айтпаспыз. Олай дейтініміз, аталмыш оқу жылында біздің лицей түлектері ҰБТ нәтижесі бойынша 117,5% ортақ балды көрсетіп, қала бойынша 1-орынды иелендік. Со- нымен қатар «Үздік аула-2016» байқауынан «Бас жүлде» мен бағалы сыйлық, «Үздік инновациялық мектеп» байқауынан «Бас жүлде» мен барлық заманауи үлгідегі инновациялық кабинетті сыйға алсақ, «Үздік мектеп-2016» байқауынан тағы да «Бас жүлде» иеленіп, об- лыс әкімінің 18 000 000 млн сертификатын жеңіп алдық. Қоғамның болашақ азаматтарын жақсы қасиеттерге тәрбиелей білсек - ісіміздің жемісті, болашағымыздың жарқын болғаны деп білеміз.

Лицей директоры Түменбаев Таңатқан Қалибекұлы,

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.

ҚР білім беру ісінің үздігі «Құрмет» орденінің иегері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер