"Қазақстан тарихы" пәні Ұлттық бірыңғай тестілеуден алынып тастала ма? - Білім|02 Желтоқсан 2016, 10:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

"Қазақстан тарихы" пәні Ұлттық бірыңғай тестілеуден алынып тастала ма?

Фото: Yvision

Осыдан бірнеше күн бұрын ҚР Білім және ғылым министірлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланған болатын. Осы орайда "Қазақстан тарихы" пәні қала ма, әлде Ұлттық бірыңғай тестілеуден алынып тастала ма деген ел арасында дау туғызған сурақтарға да жауап іздеп көрдік...

Мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге әр нәрсенің тықыры естілсе болды жүректері алай-дүлей бола қалатыны сөзсіз. Осы орайда өзгеріс енгізілген форматтар жайында айта кетсек, 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихан тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және "Алтын белгі" алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады. Мектептер бойынша қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді. Бірінші емтихан ана тілі және әдебиет пәнінен эссе тапсыру арқылы жүргізіледі.

Екінші кезеңде қазақ тілінде білім беретін мектептерде - орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде - қазақ тілінен тест түрінде өткізіледі. Ал үшінші кезеңде "Қазақстан тарихы" пәнінен ауызша емтихан өткізіледі. Жазбаша емтихан алгебра және анализ бастамалары бойынша төртінші болып өткізіледі. Шын мәнiнде, бұл пән екi рет - мектепте және ҰБТ кезiнде тапсырылады. Яғни, "Қазақстан тарихын" емтиханнан алып тастау деген жай ұсыныс болған. Соңғы бесінші пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдерінде) тест тапсырылады. Барлық емтихан оқу орнында - мектептерде өтеді. - Онда жалпы 120 сұрақ қойылады. Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды.

ЖОО-ға түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз - 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғарғы көрсеткіш - 140 балл яғни, бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен болмақ. Осы күнге дейін 30 пайыз түлек тестке кіре алмаған. Ал бұл жолы сынақты бәрі тапсырады. Сұрақтар базасының 30 пайызы жаңарған. Тіпті кей сауалдардың бірнеше дұрыс жауабы болады. Жаңартылған тестің үлгілері бірнеше күнде мектептерге жіберілмек, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова. Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады. ҰБТ-ның өткізілу мерзімі - 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. ҰБТ-ны ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр. Олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгісі желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

- "Алтын белгi" иегерлерiн және түрлi конкурстар мен олимпиадалар, ғылыми жобалардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн ҰБТ-дан босату ұсынылған болатын, - деді Айжан Ерханқызы. Бірақ "Алтын белгi" иегерлерi ұлттық бiрыңғай тестiлеуден босатылмайтын болды. Барлығы да ҰБТ-ны бірдей негізде тапсырады. Алайда, тапсырған тест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда гранттарды бөлу кезінде олар басымдыққа ие болады. Жалпы білімдік пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы гранттар бөлінеді.

Мөлдір Тоқтамыс


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер