Факультеттің толайым табыстары - Білім|28 Қазан 2016, 09:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Факультеттің толайым табыстары

Көкше өңірінде жүрекке жылылық ұялатар шуақты әдемі күздің орны ерекше. Міне, осындай шуақты күндердің біріне солтүстік өңірдегі білім ордасының қарашаңырағы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, 20 жылдық мерейтойы сәйкес келіп отыр. Осынау атаулы күн тек университет ұжымына ғана емес сонымен бірге жиырма жыл ішінде университет қабырғасынан білім алып, үлкен өмірге жолдама алған талай түлектің көңіліне жастық шақтан ересек өмірге қанат қаққызған қызықты күндерін сағынышпен еске алғызары сөзсіз. Өзінің жиырма жылдық тарихында университет факультеттері талай өзгерістер мен толықтыруларды бастан кешірді, талай шыңдарды бағындырды. Осы жылдар аралығында толайым табыстарға қол жеткізіп, түлектері арқасында мақтанышқа кенелді. Университет алғаш рет институт болып ашылып, солтүстік өңірге білім бағбандары, мұғалімдерді, даярлауды бастағалы бері бірге жасасып келе жатқан, жарты ғасырлық тарихы бар факультеттердің бірі – филология және педагогика факультеті. Бүгінгі күні филология және педагогика факультеті жоғары оқу орнының өзіндік тарихы мен дәстүрін, жолын байқататын, факультет мамандықтары бойынша оқыған университет түлектерінің іздері сақталған ұжым ретінде белгілі. Факультет ұжымы университет мерейтойына бүгінгі күні ғылым мен білім саласындағы үлкен жетістіктермен жетіп отыр. Факультетте 6 кафедра қызмет етеді: «Казақ филологиясы», «Орыс филологиясы», «Ағылшын тілі ж/е ОӘ», «Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік және жас ерекшелігі педагогикасы» және «Шет тілдері». Факультетте 5 ғылым докторы, 32 ғылым кандидаты, 1 PhD доктор, 60 ғылым магистрі қызмет атқарады. Факультет 14 мамандық бойынша бакалавриат мамандарын, 7 мамандық бойынша магистранттар даярлайды. Екі мамандық бойынша докторантура бар. Мамандандырылған аккредиттеуден 5 жыл мерзімге бакалавриат бойынша 5 мамандық, магистратура бойынша 2 мамандық өтті: Қазақ тілі мен әдебиеті (бакалавриат), Орыс тілі мен әдебиеті (магистратура), Шет тілі: екі шет тілі (бакалавриат), Шет тілі: екі шет тілі (магистратура), Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу (бакалавриат), Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (бакалавриат), Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (бакалавриат) сияқты білім беру бағдарламалары өтті. Халықаралық аккредитациядан Шет тілдері: екі шет тілі (ағылшын тілі) мамандығы сәтті өтті. Факультет өз атына, өз тарихына сай жұмысын жалғастырып келеді. Кешегі шақырылған жас мамандар мен факультет түлектері бүгінде елімізге мәлім ғалым-ұстаз аға-апайларының орнын басып, университетімізде жемісті еңбек етуде. Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профес- сор Жақыпова А.Д., филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент м.а. Р.С.Амренова, филология факультеті деканының орынбасарлары, магистрлер Г.Ж.Рыстина, А.Қ.Ашкенова, Қайникенова Г.К., «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Ө.А.Жұмағұлова, ағылшын тілі және оны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушілері, ф.ғ.к., А.Е. Исмағұлова, ф.ғ.к. Жукенова А.К., шет тілдері кафедрасының меңгерушілері, ф.ғ.к., доцент Л.С.Байманова, ф.ғ.к. Дүйсенбина Ә.Т., орыс филологиясы кафедрасының меңгерушілері ф.ғ.к., Г.Т.Фаткеева, магистр А.Ө. Мұқашева, әлеуметтік және жас ерекшелігі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Шаяхметова А.А., педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушілері, п.ғ.к., доцент Мурзина С.А., магистр Тасболатова Ж.С. тек ғылым саласында ғана емес, сонымен бірге жетекшілік қызметті де өз деңгейінде алып жүре алатындықтарын көрсете білді. Факультеттің алдыңғы қатарлы ұстаздары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері атанды.

Атап айтсақ, п.ғ.д., акад. проф. Жахина Б.Б. (2006, 2013), ф.ғ.д., проф. м.а. Анищенко О.А. (2006), ф.ғ.к., доцент Асенова А.Б. (2009), ф.ғ.к., проф. Шапауов Ә.Қ. (2008, 2014), ф.ғ.д., проф. Жакупова А.Д. (2010 ж.), п.ғ. д., проф.Стукаленко Н.М. (2012),ф.ғ.к., доцент Локтионова Н.П. (2012), ф.ғ.к. Исмагуло- ва А.Е. (2015). 3 оқытушы «Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің үздік оқытушысы» атағына ие болды: ф.ғ.к, доцент Газдиева Б.А. (2014), ф.ғ.к., доцентТлеубердина Г.Т. (2015), магистр Искакова Г.Ж. (2016). ҚР Президентінің 2004-2006 жылдарға арналған «Талантты жас ғалымдар үшін» мемлекеттік стипендия иегерлері, «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы иегерлері ретінде мына оқытушыларды атауға болады: ф.ғ.к., проф. Шапауов Ә.Қ. – Польша (2011-2012), ф.ғ.к., доцент Исмагулова А.Е. – АҚШ (2012-2013), ф.ғ.к., доцент Газдиева Б.А., п.ғ.к., до- цент Мурзина С.А., магистрлер Букаева А.А.,Ахметова Г.С., Молдабекова С.К., Шарипова Г.Г., Какабаева Д.С. – Англия (2013). Шетелде ғылыми тағылымдамадан 8 оқытушы өтіп келді: п. ғ. д., акад. проф. Жахина Б.Б.(Польша, 2014), п.ғ.д., проф. Н.М Стукаленко (А.И.Герцен атындағы РМПУ, Ресей); (Солтүстік Кипр университеті); ф.ғ.к.., доцент Байманова Л.С Геттинген университеті, Германия, 2014); Аипова Д.Г., Шулембаева К.М., Наурызбекова А.Ж. (Ресей, Омбы Гуманитарлық Академиясы, 2013); Дальбергенова Л.Е. (Гер- мания, Потсдам университеті, 2014). 2015-2016 оқу жылы Ракишева Г.М. «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Л.Гумилев ат. ЕҰУ-ге, Шарипова Г.Г. Бастауыш мектептегі педагогика ж/е әдістеме мамандығы бойынша Абай ат.ҚазҰПУ-ға, Бөкен Г. Фило- логия (қаз.) мамандығы бойынша Ш.Уәлиханов ат. КМУ-ге докторантураға түссе, 2016-2017 оқу жылы Темирова Ж.Г. «Филология» (орыс) мамандығына, Герфанова Э.Ф. «Шет тілдері: екі шет тілі (ағылшын тілі) мамандығы бойынша Ш.Уәлиханов ат. КМУ-ге, Молдабекова С.Х. «Психология» мамандығы бойынша Л.Гумилев ат. ЕҰУ-ға докторантуға түсті. 2015 жылы ПОҚ-тың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ағылшын тілі ж/е ОӘ кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Сағындыкова Ж.О. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық- заң университеті Аударма ісі мамандығының студенттеріне дәріс оқуға шақырылды. Педагогика және психология, әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, магистр Қайникенова Г.К. «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Е.Букетов ат. ҚарМУ-дағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің мүшесі болып табылады. 2015 жылы Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр Шағырбаева Б.Қ. университет деңгейінде өткізілген «Жыл кураторы» сайысында жүлделі 1-орынды иеленсе, «Әлеуметтік және жас ерекшелігі педагогикасы» кафедрасының магистрі Мельникова Т.Н. универси- тет деңгейінде өткізілген «Жыл кураторы» сайысында жүлделі 2-орынды иеленді. 2015 жылы Педагогика және психология, әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Стукаленко Н.М. Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған ҚР БҒМ мемлекеттік ғылыми шәкіртақысының лауреаты атағына ие болды. 2016 жылдың сәуір айында Әлеуметтік және жас ерекшелігі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. А.А.Шаяхметова инновациялық жобалардың ІІ Республикалық сайысында ЖОО қызметкерлері арасында бірінші орынға ие болды және «Erasmus +» Еуропа Одағы бағдарламасы аясында орында- латын «Академика» халықаралық жобасының академиялық дәріскері атанды. Ұжымда білім беру ісі мен ғылымдағы жетістіктері үшін жоғары деңгейдегі марапаттауларға ие болған оқытушылар қызмет етеді: «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» – Локтионова Н.П.; «ҚР Білім беру ісінің үздігі» – доцент Кен- жегалиев К.К., акад. доцент Мукутова Ж.К., аға оқытушы Сулейменова З.Е. 2015-2016 оқу жылы Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен доцент Кенжеғалиев Қ.К., акад. проф. Жахина Б.Б.; ҚР БҒМ төс белгісімен ф.ғ.к., доцент м.а. Амренова Р.С. марапатталды. Бұл факультет оқытушыларының ғылыми- педагогикалық әлеуетінің жоғары деңгейінің айғағы болып табылады. Факультет оқытушылары ғылыми ынтымақтастық бағдарламасы аясында Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста қызмет етеді. Атап айтсақ, Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедра- сы Халықаралық ынтымақтастық аясында И.Г.Петровский атындағы Брянск мемлекеттік университеті, Даниядағы Роскильд Психология және білім беру университеті, В.Г. Белинский атындағы Пенза мемлекеттік педагогикалық университеті, Италия елінің Милан қаласындағы Католик университеті, Аквила университеті, Генуя университеті, Ұлыбританиядағы Плимут университеті, Ресейдегі Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті, Болгариядағы София мемлекеттік университеті сияқты шетелдік әріптестермен байланыс жасайды Шет тілдері кафедрасының оқытушылары шетел жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасап, біліктілігін жетілдіру мақсатында ДААД бағдарламасы бойынша Германияның ЖОО-лары мен Гёте-Институтта (Мюнхен, Ольденбург, Ессен, Бохум, Берлин, Маннхайм және т.т) үнемі түрлі курстар мен тағылымдамадан өтіп тұрады. Мысалы, Германия мен Австрия елдерінде Байманова Л.С., Мейрманова Қ.С. біліктілігін жетілдіру курстарына қатысып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Қазақ филологиясы, орыс филологиясы, ағылшын тілі және ОӘ әдістемесі, әлеуметтік және жас ерекшелігі педагогикасы кафедралары Қазақстан және Түркия (Анталия), Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті, Б.Ельцин атындағы Башқұрт-Ресей университеті, Ресей Халықтар Достығы университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Варшава университеті, РҒА Лингвистикалық зерттеулер ин- ституты (Санкт-Петербург), Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург), Н.Добролюбов атындағы Лингвистикалық университет, Мармара университеті (Түркия), Сегед ғылыми университеті (Венгрия), Омбы мемлекеттік университеті, Тобол педагогикалық институты сияқты шетел жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Бұл оқытушылардың тәжірибе және ғылыми білім алмасуына мүмкіндік береді. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 2008 жылдан бастап ҚР БҒМ-ның білім және ғылым саласын бақылау Комитетімен ұсынылған «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы» ғылыми журналының филология сериясын шығарады. Бұл журнал оқытушылар, магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін, қол жеткізген жетістіктерін жариялап, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Филология факультетінің негізін қалаған көптеген жастарды ғылымға баулып, тәрбиелеген, өте білімді, парасатты, ерекше зиялы, білгендерін шәкірттерінен аямайтын, есімдері ерекше аталатын нағыз ұстаз, Республика деңгейінде белгілі ғалым-ағаларымыз проф. О.А.Султаньяевке арналып 2 жылда 1 рет Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілсе, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ филологиясы кафедрасының алғашқы меңгерушісі, қазақ тілі және әдебиеті мамандығының негізін қалаушы доцент Ж.Мұсаұлына арна- лып 3 жылда 1 рет Республикалық ғылыми-практикалық кон- ференция өткізіледі. Факультетте студенттер, магистранттар, оқытушылардың бірлескен ғылыми ізденісі барысында ғылыми мектептер қалыптасып, ғылыми-педагогикалық бірлестіктер жұмыс істейді. Осындай ізденістің нәтижесінде университеттің 20 жылдығы аясында «Шоқан тілі» сөздігін қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде жасау туралы факультет Кеңесінде шешім қабылданып, жұмыс тобы құрылып, зерттеу жұмысы жасалуда. Факультеттің профессор-оқытушылық құрамы түрлі халықаралық жобаларға белсенді қатысады. Мысалы, ф.ғ.к., Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Шапауов Ә.Қ. 2008-2013 жылдар аралығында «Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қалыптасу тарихы», «Солтүстік Қазақстандағы қазақ халқы мен Ресейдің Батыс Сібірдегі орыс халқының мәдени мұралары» тақырыбындағы бірлескен Ресей- Қазақстан ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты. ҚР БҒМ-ның 101 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 055 бюджеттік бағдарламасы бойынша фа- культет бойынша 5 жоба ұтылып алынды: 2012 жылдың ақпан айы 2014 жылдың ақпан айы аралығында 1 жоба орындалды, ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Жакупова А.Д.; 2012 жылдың қыркүйек айы 2014 жылдың қыркүйек айы аралығында 4 жоба орындалды, , ғылыми жетекшілері: ф.ғ.д., проф. Жакупова А.Д., п.ғ.д., акад. проф. Жахина Б.Б., ф.ғ.д., проф. Шаймерденова Н.Ж., ф.ғ.к. Амренова Р.С. Шетелдегі диаспора, өлке тарихын,


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
16 Наурыз 2016, 08:44
ТОЛАЙЫМ ІСТЕР ТҮЙІНІ
Пікірлер