Есепке жүйрік балалар орталығы - Білім|23 Қараша 2016, 10:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Есепке жүйрік балалар орталығы

«Егеменді елдің тірегі – білімді ұрпақ» деп Елбасы айтқандай, еліміздің болашағы жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын жас ұрпақты тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман етіп шығару әрбір ұстаздардың, ата-аналардың басты міндеті болып табылатынын ұмытпауымыз қажет. Қазіргі таңда мемлекет білім саласына қолдау көрсету үшін қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасап отыр. Себебі, ұрпақ білімі үшін жұмсалар қаржы мен қайрат – ең қайтарымы мол, қайырымы кең шара. Балалардың бойындағы дара ерекшеліктерін, қасиеттерін танып білу үшін ар- найы орталықтар көптеп ұйымдастырылуда. Сон- дай балаларды оқыту орталықтарының бірі UCMAS (ЮСИМАС) Өскемен қаласында Серікбаев 1 көшесінде орналасқан. UCMAS (Universal Concept of Mental Arithmetic System) – бұл ойша есептеу орталығы. Бұл дегеніміз - балалардың небір күрделі есептерді калькуляторсыз, қағаз-қаламсыз баулуды мақсат ететін орталықтар. Мұндай орталықта оқыған балалардың зейіні артады, есте сақтау қабілеті жақсарады. Кез кел- ген нәрсені мұқият тыңдайтын болады және байқағыштық қасиеті де артады. Тез есеп- теп қана қоймай, жылдам ойлауға, тез шешім қабылдауға дағдыланады. Ең бастысы баланың өзіне деген сенімі артады. Жалпы UCMAS қандай орталық, қайдан келген, не үйретеді, қалай үйретеді деген сауалдарға жауап берейік. UCMAS – 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін дамытуға бағытталған бағдарлама. Ойша есептеуге негізделеді. Бағдарлама алғаш рет 1993 жылы Азиядан бастау алды. Қазіргі таңда әлемнің 60-қа жуық мемлекетінде 5000-нан аса орталықтар жұмыс істеуде. Анағұрлым белсенді жұмыстар Малайзияда, Канадада, АҚШ -та, Ұлыбританияда, Австрияда, Испанияда, Тайландта, Қытай мен Таяу Шығыс елдерінде жүргізілуде. Қазақстанда ментальды арифметика 2011 жылы ашылды. Бұл бағдарлама 10 деңгейден тұрады. Әр деңгей шамамен 3 – 4 айға созылады. Толыққанды оқыған уақытта оқу мерзімі үш жылға созылады. UCMAS зияткерлік қабілетті дамытудың жоғары нәтижелі бағдарламасы ретінде халықаралық дәрежеде құрметке ие болды. Бағдарлама, ойша есепті негізгі құрал ретінде пайдалана отырып, балалардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға және оның алдағы ойлау қабілетінің табыстылығына қолғабыс болу үшін құрылған. Жұмыстың негізгі бөлігі баланың шотты (абакус) белсенді және жүйелі түрде қолдану негізінде жатыр. Оқытудың бастапқы кезеңдерінде бала шоттағы тастармен операция- ларды жүргізу үшін екі қолын бірдей қолдана отырып, мидың екі жақ қабатының қатар жұмыс істеуіне түрткі болады. Балалар барлық төрт математикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу) сондай-ақ, сандардың квадрат және кубтық түбірін есептеуді меңгереді. Мидың екі жартышарларының бірдей қызмет етуінің арқасында оқыту үрдісі мен ойлауы анағұрлым нәтижелі болады. Бағдарламаның бастапқы сатысынан өткен соң, балалар ойша есепке көшеді. Жаттығудың әр сатысы баланың шотқа деген тәуелділігін кеміте отырып, оның елестету қабілетін дамытады. Осының көмегімен кейін ол өзінің көз алдына тек елестету арқылы абакус тастарын қозғай отырып есептеуді ойша жүргізеді. UCMAS бағдарламасы бойынша білім алатын бала математикалық есепті сурет ретінде қабылдай отырып есептей бастайды, өйткені белгілі бір сан, оған абакустағы тастардың орналасқан суреті ретінде көз алдына ел естейді. Ментальды арифметика 4 – 14 жасқа дейінгі балаларға үйретіледі дедік. Себебі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәліметтеріне сәйкес, балалардың миы 14 жасқа дейін аса қарқынды дамиды екен. Яғни, 14 жасқа дейінгі балалар кез келген нәрсені тез қабылдап алады. Сол себепті мамандардың көпшілігі баланы жас кезінен бастап шет тілдерін меңгертуге, музыкалық аспаптарда ойнауға және өзге қызмет түрлерін дамытуға кеңес береді. Бұл белсенділіктің түрі мидың жұмыс істеуін қоздырады және кейін оқытудың жеңіл жүруіне әсер етеді. Аталған жас аралығындағы балалардың ойлау қызметінің белсенді дамуы, оның болашақ өміріне айтарлықтай әсер етеді және оған жарқын болашақ сыйлайды. Балалар UCMAS бағдарламасымен жұмыс істеген соң, мәселен, он таңбалы санды санаулы секундтарда қоса алады. Бірақ ол тек жалғыз нәтиже емес. UCMAS көмегімен келесі зияткерлік қабілеттер дамиды: - Зейінді тұрақтандыру; - Фотографиялық есте сақтау; - Ойлау нақтылығы мен жылдамдығы; - Өз-өзіне деген сенімділік; - Шығармашылық ойлау; - Есту қабілеті мен байқампаздық; - Қиялдау және елестету қабілетінің күшеюі. Осы аталған зияткерлік қабілеттердің барлығы бағдарламаны оқу барысында оқушының жадында сақталады. UCMAS бағдарламасымен жұмыс істеу арқасында балалар өзінің зияткерлік қабілеттерін дамыта отырып, академиялық жетістіктері мен тұлғаның шығармашылық дамуына мықты негіз қалайды. UCMAS бағдарламасы бойынша оқыған балалар ғылымда да, өнерде де үлкен табыстарға жете алады. Мұндай балалар жарыстар мен сайыстарда, олимпиадаларда жиі топ жарады. Бұған дәлел ретінде осы орталықтың шәкірттері Закирьянов Тамерлан, Мұратбек Арсен, Кульбаев Ильяс, Құдайберген Алинур, Қадырмолда Сәфийә, Данияр Құрманбаев, Ілияс Тоқтархан, Максим Саруханов, Бахтияр Байбосыновты атауымызға болады. Ілияс Тоқтархан «Россия 1» арнасының «Удивительные люди» жобасына қатысып, үш сынақтан да сүрінбей өтті. Ілияс ресейлік телешоудың қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырды. 10 жастағы Ілияс Тоқтарханды «калькулятор адам» деп атайтын көрінеді. Қазіргі кезде ЮСИМАС орталықтары тек Алматы мен Астанада ғана емес, еліміз дің басқада қалаларында бар. Атап айтар болсақ, Атырауда, Шымкентте, Ақтөбеде, Таразда, Өскеменде ЮСИМАС орталықтары ашылды. Сондай-ақ, 2017 жылы UCMAS орталықтарын Шығыс Қазақстан облысында түкпір-түкпір ауылдарында жоспарла- нуда. Жалпы еліміз бойынша 50 халықаралық ойша есептеу орталығы жұмыс істеп тұр. Болашақта басқа өңірлерде де осындай мекемелер ашылмақ. Өйткені, бұл оқыту жүйесіне қызығушылық танытып отырғандар көп.

Матаева Гүлнәр Үкіжарқызы, «ЮСИМАС» халықаралық академиясы,

Құрылымдық бөлімшенің даму бойынша директоры.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер