Білімпаздарға басты сый - Білім|26 Қараша 2016, 11:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Білімпаздарға басты сый

Тәуелсіздік жылдарында Сырдария ауданындағы білім ошақтары жаңарды. Егемен елдің жас ұрпағын бәсекеге қабілетті, сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында ауданда жаңадан мектептер бой көтерді. Білім ұяларын заман талабына сай жабдықтау, халық саны көп елді- мекендерде жаңа білім ордаларын салу – ел дамуының басым бағыты. Соған орай, ауданда қолданысқа берілген жаңа үш мектеп Тәуелсіздік тартуы болды. «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталығында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей құрылысы 2010 жылы басталған болатын. 1200 орындық білім ошағының құрылыс жұмыстарын «Дәнекер» ЖШС жүргізді. Заманауи үлгідегі 3 қабатты мек- теп типтік жобада салынып, 2011 жылы құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал 2012 жылдың басында жаңа мектеп қолданысқа берілді. Ал 2015 жылы аталмыш бағдарламаның жалғасы ретінде Шаған мен Шіркейліде жаңа мектептер пайдалануға берілді. Өткен оқу жылы қарсаңында аудандағы халық көп шоғырланған елді-мекен Шағанда 900 орындық №37 орта мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Білім және Ғылым министрі қатысып, жаңа білім ордасының лентасын қиды. Жаңа мектептің жобалық құны 1193000,0 млн. теңгені құрады. Оның құрылысын «Сұңқар ССК» мекемесі жүргізді. Білім ошағында оқушылар үшін заманауи 1 спорт зал, 270 орындық акт залы, 300 орындық асхана, 3 шеберхана сы- ныбы және 28 оқу бөлмелері бар. Сондай-ақ, жаңа нысан лингафон, мультимедия және информатика кабинеттерімен қамтылған. «1 қыркүйек – Білім күнінде» Шіркейлідегі №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектеп пайдалануға берілді. 600 орындық білім ошағы да жаңа заман талаптарына сәйкестендірілген. Оның құрылысымен «Айдана» құрылыс компаниясы айналы- сты. Компания республикалық бюджеттен бөлінген 867 млн. теңге қаржыны толығымен игеріп, белгіленген мерзімінен 1,5 ай бұрын ерте тапсырған. 8203 шаршы метрді алып жатқан ғимаратта 180 орындық акт залы, спорт зал, асхана және оқу шеберханалармен қамтылған. Жалпы айтқанда, оқушыларды сапалы біліммен қамтуға лайықтандырылған. Білімпаздар үшін басты сый болған білім ошақтары егемендігіміздің зор жетістігі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер