Берекелі ұжым беделі - Білім|07 Қараша 2016, 09:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Берекелі ұжым беделі

Қазыналы Қазалы тарихында өз орны бар Қазалы көлік-техникалық колледжі 1929 жылдан бері теміржол саласына білікті мамандарды даярлап келеді. 85 жылдам аса тарихы бар Қазалы көлік-техникалық колледжі қазіргі таңда еңбек нарығына қажетті 11 мамандық бойынша кәсіби білікті жұмысшы мамандарды дайындауда. Колледж ұжымы 2015 жылы Бүкіл әлемдік банк қарызы есебінен қаржыландырылатын "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту" жобасына қатысып, 380 мың АҚШ доллары, яғни, 57 млн.теңге грантының иегері атанды. 2014-2015 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында "Үздік техникалық және білім беру оқу орны-2014" облыстық байқауында жүлделі орын иеленді. 2014-2015 және 2015-2016 оқу жылдарында республикалық "Алтын рейтинг" байқауының қорытындысы бойынша облыс көлеміндегі колледждер арасында жеңімпаз атанды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қызылордада Ақтөбе облысының күндері өтті. Шара аясында ақтөбелік делегация іргелі оқу орны Қазалы көлік-техникалық колледжінде болып, кәсіптік білім беру және мамандар даярлау саласындағы серіктестік ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Меморандумға Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі директоры Жеңісгүл Сағидуллақызы Мухаметпайызова мен Қазалы көлік- техникалық колледжі директоры Болатбек Әбиұлы Ахметов қатысты. Меморандумның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру, перспективтік жобаларды дамыту саласындағы тараптар ынтымақтастығы, білім беру бағдарламасындағы өзара әрекеттестік, оқытушылар және студенттер арасындағы тәжірибе алмасу, сонымен бірге, инновациялық аймақтағы ынтымақтастық болып табылады.

Кәсіптік білім беру және мамандар даярлау саласындағы серіктестік ынтымақтастық туралы меморандум рәсіміне Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев, білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердәулетов, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі басшысының орынбасары Е.Қарабалаев, Ақтөбе облысы білім басқармасы балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Р.Нұрхожаева, Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Ж.Әбілдаева, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары К.Асқарова, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің аға шебері М.Арынғазыұлы, Қобда көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Т.Смайлов, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі директоры Т.Исмайлов пен Қазалы гуманитарлық- техникалық колледжі директоры М.Таңжарықов т.б. қатысты. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазалы көлік-техникалық колледжі мен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі ұжымы арасында 2014 жылдан бері әріптестік қарым-қатынас орнаған.

Гаухар СӘРСЕНБАЕВА, Қазалы көлік-техникалық колледжі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер