2017 жылғы ҰБТ-ның жаңа форматы - Білім|01 Желтоқсан 2016, 09:24
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2017 жылғы ҰБТ-ның жаңа форматы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 12 қарашадағы №11-2/505 хатына сәйкес 2017 жылы білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау екі кезеңнен тұрады. 1. Қорытынды аттестаттау - бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. 2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына тұсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен емтихан тапсыру арқылы жұзеге асырылады. Оның ішінде 4 пән міндетті пәндер (оқытылу тіліне қарай қазақ тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілі, орыс сыныптарында оқытылатын мектептерде орыс тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) 5-ші пән таңдау пәні. Таңдау пәнін бітірушілер өздерінің оқыту бейіні (ҚГБ-қоғамдық гуманитар бағыты жене ЖМБ-жаратылыстану математикалық бағыты ескеріле отырып) бойынша таңдайды. Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді. Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадай: 1) Ана тілі жене өдебиетінен (оқыту тіліне қарай) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі. Ұсынылған ұш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет. Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек. Қазақ тілінен эссенің ұлгілік тақырыптары 1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме? 2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба? 3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба? Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшарттары қолданылады. 2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған. 3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша); Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.). 4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл); Бұл пәндердің тапсырмапарының саны мен нысаны мынадай болады.

Лексикалық-грамматикалық блок - 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; «Тыңдалым» блогы - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200- 250 сөз); «Оқылым» блогы - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200- 250 сөз). 5) Таңдау бойынша бір пеннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дтниежүзі тарихы, адебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу. Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа - 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрысжауабын табу арқылы (40 балл беріледі). Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қапапық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады. Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (Бұйрық 2017 жылғы 30 сәуірге дейін шығады). Емтихандар шамамен 2017 жылы 29 мамыр мен 9 маусым арапығында өтеді. Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды жөне білім басқармаларына дейін жеткізуді ұлттық тестілеу орталығы, ал мекгептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады. Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді. Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады. Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде өткізіледі.

ҚР БҒМ мектепке дейінгі жане орта білім департаменті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер