BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жастар еліміздегі «Қаһарман даңғылдарын» тазалады

Бүгін елордалық «Жас Отан» белсенділері қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткіші мен мерген қыз атымен аталған көшені тазалады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің жас белсенділері Жеңіс күнінің қарсаңында еліміздің 16 аймағында «Қаһарман даңғылы» деп аталатын акцияны қолға алды. Астанада бұл бастамаға Сарыарқа әкімдігі қолдау білдірді. Демалыс күндері Ұлы Отан соғысы батырларының аттарымен аталатын көшелерде сенбілік өткізіп, ардагерлерге арналған ескерткіштерді тазалады. Мейрам алдында ұйымдастырылып отырған бұл шара - жастар үшін жай сенбілік емес, соғыс ардагерлері мен еліміздің азаттығы жолында жандарын құрбан еткен жандарға деген құрмет.

«Қаһарман даңғылы» әдеттегі сенбілік емес, тазартып жатқан көшелеріміз де кездейсоқ емес. Барлығы да батырларымыздың атымен аталған. Біз - жастар өз қаһармандарымызды ұмытпауымыз керек. Ардагерлерге біркүндік еске алудан әлдеқайда маңыздырақ бірнәрсе бар. Ол – оларды жай ғана тыңдау, әңгімелесу және кеңестеріне құлақ асу», - дейді «Жас Отан» белсендісі Мархат.

Жасотандықтар үшін бұл біркүндік акция емес. Бірнеше жыл бойы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын қолға алып, еліміздің барлық аймағында тұратын ардагерлерге жыл бойы көмек көрсетіп келеді. Барлығы егде жаста болғандықтан, көбіне үй шаруашылығын өздері атқара алмайды. Мұндайда сол аймақтың белсенді жастары үйлері мен ауласын жинастырып, қол ұшын созуға дайын.

Ал бүгінгі сейсенбідегі сенбілікке Астана қаласында 60 белсенді, Солтүстік Қазақстан облысында да 60 жас, Қызылорда облысы бойынша 300 адам, Маңғыстау облысында 103 адам, Атырауда 80 адам қатысса, Ақтөбе 175 жас жалпы 7 көшені тазартқан. Сондай-ақ, Қарағандыда 40 белсенді Мартбек Мамыраев атындағы аллеяны тазартып, көшеттер отырғызды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер