BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарлық өрт сөндірушілер бүлдіршіндерге мереке ұйымдастырды

Павлодар облысының құтқарушылары Халықралық балаларды қорғау күніне орай балар үшін мейрам ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Балаларды қорғау күні - тек балалардың өздері үшін көңілді мереке емес, бұл барлық бала өздерін қызықтыратын ісімен айналысуға, оқуға, бақытты болып өсулеріне және келешекте өз елінің керемет ата-аналары мен азаматтары болуын, қоғамға балалардың құқығын қорғау қажеттілігі туралы ескерту" - дейді ұйымдастырушылар.

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі құрметіне қала және аудан бөлімшелері конкурстар, сұрақтар, ашық есіктер, жарыстар әзірлеп өткізді.

Май ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары өрт сөндіру бөлімі, құтқару бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп өрт сөндіру бөлімінің алаңында “Менің Отаным-Қазақстан!” атты асфальтта бормен сурет салу конкурсын өткізді. Содан кейін бүлдіршіндер үшін өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия өткізді. Ал Ертіс өзенінің жағасында “Александрова” шеңберін лақтыру бойынша кішігірім жарыс өтті. Іс-шара ашық аспан астында тәттілер мен жеміс-жидектер қойылған мерекелік дастарханмен аяқталды.

Ал Ақсу қаласы “Балаларды қорғау күні” мерекесі қарсаңында қалалық №11 Өрт сөндіру бөлімінде бөлім басшысымен және Ақсу қаласы Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп Ашық есік күні өткізді. Шақырылған қонақтар - №10 қалалық балабақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілер.

Онда № 11 Өрт бөлімінде экскурсия өтті. Балалар өртсөндірушілердің шлем-каскаларын киіп көруге, ауамен сығылған аппараттарды көрді, өрт сөндіретін автокөліктер мен жалпы өрт сөндіруші мамандығы туралы көбірек білуге мүміндік алды. Содан кейін құтқарушы бекет мамандары техникалар мен жабдықтар көрсетті, тұрмыстағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді.

Успен ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы аудан орталығындағы үш мектептің оқушылары үшін қызықты және керемет мереке жасады. Өрт сөндіру бөлімінде “Ашық есік күні” болды. Мектеп оқушыларына өрт сөндірушілер өз жұмысында қолданатын өрт сөндіру техникалары, өрт-сөндіру-техникалық жабдықтары мен арнайы құрал-жабдықтарын көрсетті. Шұғыл телефонға ақпаратты беру ережелері және жалған оқиғалар туралы хабарламаларды тартауға жол бермеу туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Өрке қарсы қызмет қызметкерлері балаларға өрт шығу себептері және қандай шаралар қолдану керектігі туралы айтып берді, өрт болдырмау үшін өртсөндіруге арналған құралдарды қалай пайдалану керек екндігін көрсетті, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығымен байланысты қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Павлодар ауданы “Бақытты балалық шақты қорғау” акциясы аясында Павлодар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және № 35 Өртсөндіру бөлімінің қызметкерлері балалар үшін өртсөндіру бөлімі бойынша экскурсия, сурет салу конкурсын ұйымдастырып, тәттілер сыйлады.

"Бүлдіршін әрқашанда бала кездерін ұмытпйды және оның барлық өмірінде естерінде қалатын әсерлі сәттерін дұрыс және тамаша етіп есте қалдыру - біздің парымыз" - дейді төтенше жағдай қызметкерлері.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер