BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Отан қорғаушы күніне орай ерекше флешмобтар және акциялар өткізілуде

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кәсіби мейрамына орай ерекше флешмобтар және әскери-патриоттық акциялар өткізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Елорда да қоғамдық көлікте музыкалық флешмоб өтті. Сапар барысында жолаушылар мен Қазақстанның Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әртістері қосылып патриоттық және әскери әндерді қосылып шырқады. Кездейсоқ жолаушылар жаппай акцияға қолдау көрсетіп, оған белсенді атсалысты.

«Мен 51 автобуста ерекше акцияның куәгері болдым. Жоба Қорғаныс министрлігінің Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналған. Әскери ансамбльдің әртістері ән айтып, халықтың көңілін бір көтеріп тастады. Осындай күтпеген акция үшін үлкен рахмет», - деп бөлісті Астана тұрғыны.

Бұдан басқа, ерекше шаралар «Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығында өткізілді. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери ансамблінің әртістері Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер