BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оңтүстікқазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтті

Фото: ОҚО әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысында «7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев қатысып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік шарада елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын, заңдылықты қорғауға үлес қосқан 21 азаматқа «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, облыс әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен, марапатталды.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді. Біздің өңір – еліміздің Оңтүстік қақпасы. Өңірімізде Шымкент горнизонына қарасты 10 әскери құрылымдық бөлімдер Оңтүстік шекараның тұтастығы мен тыныштығын сақтауда қызмет етуде.

Салтанатты жиын арнайы дайындалған мерекелік концертке ұласты. Шара соңында жиналғандар «Отар» әскери базасында өткен салтанатты шеруді тікелей эфирден тамашалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер