Мультфильм тарихынан - Атаулы күн|16 Тамыз 2013, 00:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мультфильм тарихынан

 Астана. 16 тамыз. Baq.kz – Бүгін ең алғашқы дыбысты мультфильмнің шыққан күні.

 Мультфильм жасауға ең алғашқы қадамды ағайынды Люмьерлер бастаған болатын. Олар мультфильмнің кейіпкерлерін қағазға салып, оған жарық беру арқылы көрсетті. Бұл әдіс фотоаппарат пайда болғанша жалғасты. 1877 жылы 30 тамызда мультфильмді өнертапқыш Эмиль Рено патенттеді. 1914 жылы Уинзор Маккей алғаш рет басты кейіпкері бар мультфильмді құрастырды. Ол кейіпкердің есімі Герти болатын. Балалар үшін Герти динозвар қызықты болды. Маккейдің Герти ойлап табуына студенттері көмектесіп, тіпті лентасын да жасаған. 1928 жылы атақты Уолт Дисней компаниясы Микки Маус есімді кейіпкері бар танымал мультфильмді жарыққа шығарды. Кеңес Одағы елдеріне мультфильм 1936 жылдары келді. Ресейде мультфильм жасау ісі жақсы дамыған. Олар балардың сүйікті кейіпкерлері бар «Ну погоди!», «Маша мен аю», «Қызыл телпек», «Бауырсақ» атты мультфильмдерді кішкентай көрермендеріне ұсынды. Ал, Қазақстанда мультфильммен шұғылданатын студиялар өте аз. Балаларға қазақ ертегілерінің негізінде жасалған мультфильмдер аздық етуде. Мультфильм бала тәрбиесіндегі басты құралдың бірі болғандықтан оны қолға алуды қажет етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер