BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мереке қарсаңында бірқатар күзет қызметкері ант қабылдады

Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шара барысында Мекеме бастығы бірқатар қызметкерге Ішкі істер министрлігі атынан Құрмет грамотасын табыстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты сапта ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған 15 жас қызметкер ант қабылдады. Ішкі істер министрінің, сондай-ақ МКҚБ-ның бұйрығымен Құрмет грамотасы, грамота, алғыс хат салтанатты түрде табысталды. Бұдан бөлек 3-батальон командирінің орынбасары полиция майоры Қожанов Нұржан Тұрсынбайұлы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қоса құқық қорғау саласында абыройлы қызмет атқарған полиция аға лейтенанты Ілиясов Қуанышбайды зейнеткерлікке зор құрметпен шығарып салды.

Мекеме бастығы полиция полковнигі Оңал Ботайұлы қызметкерлерге ерен еңбек пен қырағы қызмет және зор денсаулық тілеп, ант қабылдаған жас қызметкерлерді антына адал болуға шақырды.

"Бауыржандай батыр, Қасымдай қайсар, Рақымжандай рухты аталарынан үлгі алып, тәуелсіз елге қорған болатын бүгінгінің батырлары - сіздерсіздер" деп жас қызметкерлерге үлкен сенім артты.

"Отан алдындағы борышымызды абыроймен атқарып, еліміздің, Астанамыздың тыныштығын күзету біз үшін зор мәртебе. Елбасымыздың салиқалы саясатымен бой көтерген ару қаламыздың тұрғындарының тыныштығын қадағалау біздің азаматтық парызымыз. біз осы жолда қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз!" - дейді ант қабылдаған қызметкерлер.

Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер