BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Мен Қазақпын» деп шырқаған əскерилер халықты сүйсіндірді

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін 7 мамыр күні Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасының аумағында өткен әскери парад барысында «Мен қазақпын» әнін бір мезетте 3 мың сарбаз шырқады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Отардағы полигонда сап түзеген әскерилердің «Мен қазақпын» әнін орындап жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді.

Видеода Қазақстанның көк Туын желбіреткен жүздеген сарбаздың бір кісідей «Мен Қазақпын» әнін шырқап тұрғанын көруге болады. Жауынгерлер рухты әнді әскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындаған. Жазба барысында ұйымдастырушылардың дауыстап белгі берген пәрмені естіледі.

«Ел ішінде ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді ояту үшін ер тұлғаларды əскерге алмай тұрып - ақ айына ма осылай қатаң түрде шеруге баулыса, ішкі рух бекіп, нығаяр еді. Өзім шеруді көріп отырған күйі Қазақ болып туғаныма мақтандым. Мақтанышым артып, елге деген құрметім артқаны рас», - деп жазба қалдырған әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

Айта кетер болсақ, аталған бейне жазба #менқазақпын хэштегімен әлеуметтік желіде кеңінен таралуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер