Конституция күніне мерекелік шаралар ұйымдастырылады - Атаулы күн|15 Тамыз 2013, 14:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Конституция күніне мерекелік шаралар ұйымдастырылады

 Астана. 15 тамыз. Baq.kz – Еліміздің басты мерекесі – Конституция күніне орай Астанада бірқатар мәдени және мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды қалалық Мәдениет басқармасынан.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 16 тамыздан бастап Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Менің елім, менің Елордам» атты көрме, ал №5570 әскери бөлімінде Қазіргі заманғы өнер мұражайының «Батырлар - Отан қорғаушылар» деп аталатын көшпелі көрме ұйымдастырылады.
Ал ең ауқымды мереке «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде ҚР Конституция күніне орайластырылған «Азат елдің ар-намысы - Ата заң» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасады.
«АЛЖИР» мұражайында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына 29 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Тарих - таным айнасы» бейнекөрінісі ұсынылады.
29 тамызда Бейбітшілік және Келісім сарайында конференция мен концерт, «Қазақстан» орталық концерт залында мемлекеттік мерекеге орай мерекелік концерт ұйымдастырылады.
30 тамызда қала тұрғындары мен қонақтары үшін Астананың орталық алаңында мерекелік концерт өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер