Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні - Атаулы күн|28 Тамыз 2013, 14:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

Астана. 28 тамыз. Baq.kz – Елімізде биыл алғаш рет отбасы күні атап өтілмек. Осы жылдан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен бұл күн әр жылы қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өткізілетін болады. Бұл жөнінде ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  

Мемлекет – отбасынан басталатынын және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткім келеді. Осы отбасы күніне орай 6-шы қыркүйекте Астанадағы «Rixsos» қонақ үйінде Республикалық әйелдер кеңесі «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады», – деді ресми өкіл. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер