BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда 500 мыңнан астам бала қатысқан мерекелік шеру өтті

Фото: Арман Мұхатов

Бүгін елімізде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. Осыған орай, еліміздің барлық елді мекенінде балғындардың қатысуымен мерекелік шеру өтті. Биыл шеруге қатысқандар саны 500 мыңнан асып, былтырғы көрсеткіштен 5 есеге артты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Астана әкімдігі алдындағы алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары балалардың мерекелік шеруін тамашалады. Көңілді флешмоб, ерекше музыкалық сүйемелдеу, қатысушылардың алуан түсті киімдері, түрлі музыкалық аспап жиналған жұрттың көңілін бір көтеріп тастады. Алаңға шыққан оқу орындарының жеткен жетістіктері де айтылды. Шарада ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов министр Ерлан Сағадиевтің атынан балғындарды бүгінгі мерекесімен құттықтады.

«Қазір өтіп жатқан балалар мен жастардың музыкалық оркестерлері мен ансамбльдерінің шеруі – әдетті іс шара. Шеру былтыр алғаш рет ұйымдастырылып, керемет өткен болатын, сондықтан биыл да осы істі жалғастырып, жыл сайынғы әдетке айналдыруды жөн көрдік. Былтырғы іс-шараға еліміз бойынша 100 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысса, биыл олардың саны 527 мыңнан асып түсті. Оған республиканың барлық білім ордаларының оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. Жалпы еліміз бойынша 5 мыңнан астам оқу орындары қатысып отыр. Бүгінгідей шара еліміздің барлық облыс орталықтары, ірі қалалары мен елді мекендерінде бір уақытта өтіп жатыр. Ал Астана бойынша 105 білім мекемелерінен 7 мыңға жуық бала атсалысуда», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Атап өтсек, бүгінгі елордадағы мерекелік шеруге мектеп оқушылары мен колледж студенттері, музыкалық мектеп, өнер мектебі, Оқушылар сарайы тəрбиеленушілері мен ҚазҰӨУ студенттері қатысып, балғындарға ұмытылмас, жарқын мереке сыйлады.

Видео: Нұржас Жақсыбай

Суреттер: Арман Мұхатов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер