Қазақ үшін мәңгілік маңызға ие құжат - Атаулы күн|26 Тамыз 2013, 09:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ үшін мәңгілік маңызға ие құжат

 Астана. 26 тамыз. Baq.kz – Бүгін Қазақстан аумағының құжатпен бекітілген күні.

 1920 жылы 26 тамызда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декретін жарияланды. Және автономияның территориясы белгіленді. Мәңгілік маңызға ие территориялық аумақ яғни шекара мәселесінде Алаш зиялылары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев, Мұхтар Әуезов сынды ұлт қорғаны болған қайраткерлер құс қанаты талатын қазақ жерінің тұтастығын құжатпен бекіттірді.
Алаш зиялылары 1920 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін Мәскеуде қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға және оны құжатпен бекіттіру үшін бел жазбай жұмыс істеген. Мәңгілік маңызға ие мәселенің негізгі шаруасымен Әлімхан Ермеков айналысқан.
Автономия құру және оның территориясын белгілеу жөніндегі комиссияның отырысында Әлімхан Ермеков қазақ жері және автономия туралы баяндама жасайды. Әлімхан Ермеков жасаған баяндама бойынша, қазақ жерінің аумағы 3 млн. 467 мың 922 шаршы шақырымды қамтыған.
Автономия құру және оның территориясын белгілеу жөніндегі комиссиясының соңғы отырысы 20 тамыз күні өтіп, «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы астанасы болып бекіген автономияның территориясына - Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі енді.

 

Ақпарат интернет мәліметтері негізінде әзірленді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер