Қатарласып қанат жайған - Атаулы күн|15 Тамыз 2013, 11:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қатарласып қанат жайған

 Астана. 15 тамыз. Baq kz – Бүгін Қазақстан картасында жаңа екі қаланың пайда болған күні.

 Қазақстан картасында 1961 жылдың 15 тамызы күні Абай және Шахтинск қалалары пайда болды.
Абай Қарағанды облысындағы Абай ауданының орталығы. Қала негізі Қарағанды көмір алыбының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған.1961 жылы қалаға айналған.
Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар.
Ауданда қазір 39 мектеп бар. Абай спорт мектебінің спортшылары республикалық қана емес, әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. 1980 жылы ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың мұражайы қаланың мақтанышы ғана емес, мәдени-рухани орталықтың бірі болып отыр. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауданда 3 емхана, 2 аурухана, 11 селолық фельдшерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 2 туберкулезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.
1966 жылы құрылған Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған мектебі бокстан Еуропа чемпионы С. Нұрқазовты, халықаралық спорт шеберлері Б. Аманбаев, Д. Мұңайтпасов, Әлем чемпионы С. Сәпиевті даярлады. Мұнда Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Қапаның орталық бөлігінде Абай ескерткіші орнатылған.
Шахтинск қаласы (бұрынғы атауы Тентек) Шерубайнұра және Тентек өзендері аралығында Қарағандыдан 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Аталмыш өңірдің тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаны құрайды. Қалада технологиялық колледж, кәсіптік-техникалық мектеп, 10-нан астам орта дәрежелі білім беретін оқу орындары, көркемөнер, музыка, спорт мектептері жұмыс жасайды.
Шахтинск қаласы жайлы әңгіме өрбіткенде оның құрамына кіретін Долинка поселкасын айтпай кету мүмкін емес.1931-1959 жылдар арасында жұмыс жасаған Карлаг саяси тұтқындардың азап лагеріне айналып, елдің қасіретті шежіресі болып енді. Қазір Долинкада саяси қуғын-сүргін көргендердің мұражайын ашу жөнінде ынталы топ құрылып , осы бағытта жұмыс істеуде.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер