Қайырымдылық орденінің негізін қалаушы - Атаулы күн|26 Тамыз 2013, 08:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қайырымдылық орденінің негізін қалаушы

 Астана. 26 тамыз. Baq.kz – Бүгін діни және қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты, Қайырымдылық орденінің негізін қалаушы Тереза Ананың (Агнес Гонджа Бояджиу) (1910-1997) дүниеге келген күні.

 Тереза Ана Балқанда туған деп саналады, алайда монахинаны жерлеу күндері Македония Республикасы оның осы мемлекеттің астанасы Скопьеде туғанын мәлімдеді. 18 жасында Ирландияға кетіп, «Лорето ирландық бикелері» монахтар орденіне кірді. 1931 жылы Тереза есімін алды. Кейіннен орден оны Калькуттаға жіберіп, сонда 20 жылға жуық уақыт әулие Мария әйелдер мектебінде сабақ берді. 1946 жылы 10 қыркүйекте орден басшылығынан Калькуттаның кедей және бейшара адамдарына көмек көрсетуге рұқсат алды. 1948 жылы сонда Қайырымдылық орденін ұйымдастырды. 1965 жылдан бастап Қайырымдылық ордені басқа елдерде де ашылып, бүгінде әлемнің 111 елінде 400 бөлімшесі және 120 елде 700 қайырымдылық үйі ашылып отыр. Оның миссиясы сондай-ақ табиғи апаттарға және экономикалық қиыншылыққа ұшыраған елдерде де қызмет етеді. 1979 жылы Терезаға Нобель сыйлығы берілді. 87 жасында қайтыс болды. 2003 жылы Католик шіркеуі оны әулиелер санатына жатқызды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
04 Қаңтар 2019, 17:14
Қайырымдылық
Пікірлер