BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Исекешев: Балалардың жақсы өмір сүруі үшін Астана әкімдігі аянып қалмайды

Халықаралық балаларды қорғау күні астана әкімі Әсет Исекешев мамандандырылған балалар үйінде болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімі ұжыммен кездесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен медиктерді құттықтады. Арнайы қонақтар үшін орталықтағы бүлдіршіндер ән салып, тақпақ айтып берді.

«Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Мұнда өз ісіне бейжай қарамайтын адамдар жұмыс істеуде. Балалардың жақсы жағдайда өмір сүруі үшін өз кезегінде Астана әкімдігі аянып қалмайды. Сіздерге бақыт пен табыс тілеймін!» – деді әкім.

Бүгінде балалар үйінде 4 жасқа дейін 64 бала бар. Мұнда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар тұрады. Сондай-ақ орталықта өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға да қызмет көрсетіледі, олар осында уақытша паналайды. Балалар үйіндегі сәбилердің 30% жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар.

«Біз мекеменің қызметіне айтарлықтай жаңарту жасадық. Ақпаннан бастап балалар үйіне «Үйдегідей сияқты» принципімен отбасы тобын енгіздік. Егер біз балаға өз отбасындай бола алмасақ та, еш болмаса өздерін үйде жүргендей сезінетін етіп жағдай жасауды ұйғардық. Отбасы қағидасы мынадай: 6-7 бала тұратын кішігірім топқа тәрбиелеушілер «жақын туыстары» сияқты етене араласады. Осындай топтағы балалардың даму барысы өте жақсы екенін аңғардық, жалпы бұл дамуға жақсы әсерін тигізуде» – деді бас дәрігер Сәуле Кенжебаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер