BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасына әрбір полицейге деген қамқорлығы үшін алғыс айтамыз – Қасымов

Астана, BAQ.KZ. ІІМ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай салтанатты жиын өтті.

Қазақстанның ішкі істер органдарының тарихы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тығыз байланысты. Әрбір полицейдің кешегі және бүгінгі де жұмыстағы айнымас бағыты халық пен оның президенті алдындағы жауапкершілікті нақты түйсіну болып табылады.

«Елбасына әрбір полицейге деген қамқорлығы үшін алғысымыз мол. Сонымен бірге осыншалықты қамқорлық бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан қазақстандық полиция қылмысқа қарсы күресте және еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде Мемлекет басшысына тірек болып қала береді. Алдағы уақытта да халыққа адал қызмет етіп, қазақстандықтардың тыныштығын қорғайды, антқа адалдықтарын көрсетіп, қызметтік міндеттерін үлгілі және жауапкершілікпен атқарады деп сенемін», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ, министр кезектен тыс арнайы атақ алғандар қызметкрелерге погон және адал қызметімен көзге түскен тәртіп сақшыларына ведомстволық наградалар тапсырды. Жалпы, ҚР Тұңғыш Президенті күніне 783 қызметкер, оның ішінде орталық аппараттың – 106 және ішкі істер органдары аумақтық бөліністерінің 676 қызметкері марапатталды.

Салтанатты іс-шара қорытындысында Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінің Мәдениет орталығы дайындаған мерекелік концерт ұсынылды.

Концертте Отанға, Қазақстан Республикасы Президентіне деген сүйіспеншілік туралы қазақстандық композиторлардың шығармалары, патриоттық тақырыптардағы композициялар орындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер