BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бурабайда йога фестивалі өтеді

Фото: Razum.kz

Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары 1 шілдеде Шучинск-Бурабай шипажай аумағында өтетін Burabay Yoga Fest-ке қатысып, йоганың қыр-сырын меңгере алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

1 шілде күні сағат таңғы 09:00-де Burabay Land отбасылық тақырыптық саябағында Burabay Yoga Fest-тің ашылуы болады.

Бұл шара Қазақстан Республикасындағы йога апталығы мен Астананың 20 жылдығы аясында өтеді.

«Йога шеберлері, Үндістан мен Қазақстандағы мамандар йоганың әртүрлі бағыты бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді», - дейді Ақмола облысы туризм басқармасының бас маманы Алина Шарипова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, йога техникасын кез келген адам тегін түрде үйренеді. Қалаған адам тіркелуі керек, одан кейін қатысушыға йогамен айналысуға арналған кілемше беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер