BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Астанада балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін «University Medial Center» корпоративтік қорының құрамына кіретін, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған қайырымдылық акциясы өтті. Мерекелік шара орталық бөлімшелерде ем алып жатқан, онкологиялық аурулармен ауыратын кішкентай науқастарға арналған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Іс-шараның ұйымдастырушысы «Геном-Астана» репродукция клиникасы болды. Іс-шарада көңіл көтеру бағдарламалары өткізіліп, көңілді сайқымазақтар мен қызықты аниматорлардың қатысуымен әртүрлі сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар жүлдеге ие болды және сыйлықтармен марапатталды.

Фото: Нұржас Жақсыбай

«Онкологиялық дертке шалдыққан балаларға арналған акцияның мақсаты – қазіргі уақытта ауыр дертпен күресіп жүрген балалардың көңілін аулап, қолдау көрсету. Бөлімшеде жүзден астам бала жатса, оның басым бөлігі бүгінгі іс-шараға қатысып жатыр», - дейді «Геном-Астана» клиникасының психологы Қаламқас Қанапиянова.

Біздің анықтама

«Геном» - бұл әйелдер мен ерлер бедеулігі, сондай-ақ репродуктивті жүйе ауруларының мәселелері тиімді шешілетін ЭКҰ және Репродуктивтік технология клиникаларының желісі. «Геном» бірінші клиникасы Калининградта ашылған. Бүгінде бұл желінің 5 медициналық орталығы болса, соның бірі Астанада орналасқан. «Геном-Астана» клиникасы мамандарының күшімен 300-ден астам жүктілікке қол жеткізіліп, бедеуліктің әртүрлі түрін жеңудің оң тәжірибесі жинақталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
04 Қаңтар 2019, 17:14
Қайырымдылық
Пікірлер