BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Астанада қос мереке атап өтілді

«Астана» концерт залында елорданың 20 жылдығын мерекелеуге орай өткізілетін іс-шаралардың шеңберінде Қазақстан полициясы және мемлекеттік қызметші күні атап өтілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға басшылық, кеңес-мәслихат органының қызметкерлері, жеке құрам, ішкі істер органдары ардагерлері, қызмет бабын орындау барысында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары қатысты.

ҚР ІІМ министрінің құттықтау хаты мерекелік жағдайда іс-шара барысында оқылды. Сонымен қатар, елордалық полиция қызметкерлерін Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмухаметов құттықтап, қала әкімі Әсет Исекешевтің құттықтау хатын жеткізді.

«Полицияда қызмет ету әрқашан батыл, игі, рухани серігі берік азаматтардың ісі болып қала бермек». Елбасының өзінің сөзінде атап өткеніндей: «Полиция қызметкерлері өте маңызды істерді ашу барысында ерен еңбегін көрсетіп келе жатыр. Полиция біздің қоғамның азаматтарының тыныштығы мен бейбітшілігін қорғауда талмай еңбек етуде, себебі қылмыстылыыққа, заңның бұзылуына қарсы төтеп беруде жұмыс атқарады», - деді Астана қаласы Ішкі істер департаменті басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер