BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін – Жеңіс күні

Фото: Strategy2050.kz

Осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихындағы қасіретке толы қанды қырғын – Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. 1941 жылдың маусымында басталған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Неміс басқыншыларымен күресу үшін 1 миллион 800 мыңнан астам қазақстандық азамат қан майданға аттанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Майданға аттанған қазақстандық азаматтардың бес жүзге жуығы Кеңес Одағының батыры атанды. 110 жерлесіміз кеудесіне «Даңқ» орденін тақты. Ал мыңдаған отандасымыз сұрапыл соғыстың құрбанына айналды.

Бүгін оларды еске алып, рухына тағзым ету үшін барлық өңірлерде және Астанадағы бірнеше алаңда арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал негізгі шара «Отан Қорғаушылар» монументінің алдында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер