BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін – Мемлекеттік қызметші күні

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанда бесінші рет Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметкері күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды.

2013 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні деп белгіледі.

Қазіргі уақытта елімізде 98 мыңға жуық мемлекеттік қызметші табысты еңбек етіп жүр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі жаһандық стандарттарға сай келеді, ал мемлекеттік аппараттың «қартаюы» және гендерлік теңсіздік көрсеткіштері жөнінен ілгерілеушілік байқалады. Сонымен өатар, Қазақстанда мансаптық жолда өскен мемлекеттік қызметшілер саны 4 есеге артқан.

Кеше Астанада «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Конкурстың ең жас жеңімпазы – 24 жаста болса, ең үлкені – 53 жаста.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер