BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін 200 шығысқазақстандық мемлекеттік рәміздер тауына шықты

Бүгінде Қазақстан Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасы, көк байрағы мен Әнұраны бүкіл әлемге танымал болып, тұрақтылық пен гүлдену нышанына айналды. Өскеменде атаулы күннің құрметіне 200-ге жуық адам тау басына шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өскеменде бұл атаулы күнде көпшілік қауымның тау басына шапшаң көтерілуі үрдіске айналған. Іс-шара «Нұрлы жол» саябағында жалғасты. Байқауға қатысқан балалар мемлекеттік рәміздерге деген құрметін сипаттайтын сурет салды, сондай-ақ жастар арасында I LOVE KZ акциясы өтті. Акцияға қатысқандар Көкбайрақ пен Елтаңбаның жанында суретке түсті.

Еске сала кетсек, 2009 жылы аймақ басшысының бастамасымен Өскемендегі Красин кенті жақтағы Аблакет тауының ең ұшар басына тұғыр орнатылып, оған еліміздің көк байрағы тігіліп, баурайына үлкен әріптермен «Қазақстан» деп жазылған болатын. «Қазақстан» деген тау баурайындағы жазу елімізде тек Өскеменде ғана бар. Ол жерге электр желісі тартылғандықтан, жазу мен байрақ түнде де көрініп тұрады. Сондай-ақ, жалау саптың ұзындығы 40 метрге дейін көтеріліп, тудың көлемі ұлғайтылды. Енді өскемендік көк байрақ – еліміздегі ең үлкен тулардың бірі. Оның ені – 6, ұзындығы – 12 метр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер