Бүгін Сарыарқа көпірінде көлік қозғалысы шектеледі - Атаулы күн|16 Тамыз 2013, 19:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Сарыарқа көпірінде көлік қозғалысы шектеледі

Астана. 16 тамыз. Baq.kz - Бүгін сағат 21.00-ден бастап 10 қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа көпірі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және көлік жолдары басқармасынан хабарлады.  

«Аталған кезеңде көлік қозғалысы шектеледі. Күндіз - 40 км/сағ, түнде (21.00-7.00) 20 км/сағ болады», - деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар, көпір астындағы көлік қозғалысы да шектеледі.
Астана қаласының Жол полициясы басқармасы жүргізушілерден жолдарда кептеліс тудырмас үшін жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Жүргізушілерге ақпарат беру үшін жолдарда қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылады.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер